Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті.
БАҚ арасындағы спорттық іс-шараны Қазақстанда ұйымдастыру оңай емес-ау.
Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент ұжымына, спартакиаданың бас-қасында жүрген аға-әпке мен бауырларға үлкен рахмет! Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Ғалымжан ағам бастаған «Рейтинг-Собкор» командасы волейбол🤾🏐 🥈мен футболдан⚽🥈 2-ші орынды қанағат тұтты. Бильярдтан собкорлық Нұрлан Нұрбеков бірінші орын🥇👍. Барша жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймын!
Арыстық команда (Тайма) келесі спартакиадаға еуропадан жас футболшылар алып келмесе болмады. 🤦♂️ Өткен жолы, Арай Есенбектің Талдықорғанда қолданған тактикасын қолданып, журналистердің көзін бақшитып, футболдан бірінші орынды оңай алып кеткен болатын. БАҚ спартакиадасында 15 жылдық тәжірибесі бар Арай Моуриньоның бүгіні жоспары жүзеге асты. 😀 «У-ды, у қайтарады», «аузы күйген үріп ішеді» дегендей, өкінішке орай бүгін «таймалықтар» топтан да шыға алмай қайтты. Бекерге Асхат Әссанди (Үздік қақпашы) досымның ашуын шығарып…
Күннің шуағы да Шымқалада бүгін қызып, қыстың суығына жаураған адамдарды жылытты. Тек, жасыл алаңдағы ойын мен ауа температурасы ғана суық болды демесеңіз.
Ал, журналистердің теңбіл доп додасында «Ернияз» баспасы чемпион болса, өңірдегі меншікті тілшілерден жасақталған «Рейтинг-Собкор» құрамасы жүлделі екінші орын, Түркістан облыстық ақпараттық талдау орталығының командасы үшінші орын алды.
Бильярдтан әріптесіміз, журналист Кеңес Исмайловты еске алуға арналған тұңғыш турнирге көршілес Жамбыл облысынан келген әріптестеріміз де бақ сынады. Турнир қортындысы бойынша бас жүлдені «Қазақстан» ұлттық арнасының операторы Нұрлан Нұрбеков («Рейтинг-Собкор» командасы) жеңіп алса, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің журналистері Ерғали Картайған мен Табиғат Абаилдаев екінші, үшінші орынға тұрақтады.