Жыл басынан бері Түркістан облыстық прокуратурасы 450 мыңға жуық азаматтың құқығын қорғаған. Оның 74 мыңын кәмелет жасқа толмағандар, 8 мыңын кәсіпкерлер құрап отыр. Сонын нәтижесінде 2 мыңнан аса жұмысшыға 45 миллион теңгеге жуық жалақы төленген. Бүгін бұл туралы жыл қортындысы бойынша БАҚ өкілдеріне есеп берген Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров мәлім етті.
Нұрғалым Мәжитұлының айтынша, жыл басынан бері мемлекетке құны 2 миллиард теңгеден асатын пайданылмай жатқан жер учаскелері қайтарылыпты. Оған қоса, мемлекет пайдасына 800 миллионнан аса қаражат өндірілсе, 40 милионға жуық әкімшілік айыппұлдар өндіріліпті.
«Түркістан облысының прокуратурасы қайта қалыптасқан бері біраз жұмыстар атқарылды. Өңірдегі қылмыстылықтың жағдайын ескере отырып, құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру мақсатында кеңес отырыстары өткізілді. Өзекті мәселелерді зерделеу мен оны шешу жолдарын қарауға арналған ардагерлер мен прокуратура жанындағы консультативтік кеңес құрылды. Қала, аудандарға шығу, ондағы халықпен кездесулер, жеке қабылдаулар жүргізілді. Сондай-ақ, арнайы реестер түздік. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі қылмыстық жазаға тартылды», — деді Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша қылмыс деңгейі 24,2 пайызға, қарақшылық 23,1, тонау 33,5, ұрлық 32,3, алаяқтық 13,9 пайызға азайған.