Алматы қаласында БАҚ арасында шағын футболдан МАҚСАТ СЛЯМБЕКОВ ағамызды еске алу жарысы өтті.
Өткінші өмірден ерте қайтқан ағамыз футбол десе бір иығын беріп тұратын. Асқар тау әкені, шебер қақпашыны еске алу турнирі осымен бірінші жыл ұйымдастырылып отыр.
Жарыста сегіз команда бақтарын сынады: Жетісу, «Апорт», «Жас сұңқар», Талдықорған-2, Түркістан, Тараз, Достық, М.Әуезов.
Бірінші орынды Талдықорған, екіншіні Тараз және үштікті Түркістандық команда жеңіп алды. Жарысты ұйымдастырушыларға, қатысушыларға Алла разы болсын!
Сондай-ақ, әріптесіміз және жерлесіміз Дастан Баширов үздік ойыншы атанды. Марапат құтты болсын, досым! Аяқтарыңнан күш пен дәлдік кетпесін дейміз!