Бұндай керемет жағдайға Швеция елінің бүгін жетуі 1970 жылы бастау алған екен. Қоқыстан пайда тауып отырған елге көрші Норвегиядан да қоқыстар тегін алып келінеді. «Құда да, құдағи да» риза.
2014 жылы бұл елде 2,4 млн. тоннаға жуық қоқысты қайта өндіру арқылы 100 млн. долларға дейін елдің бюджетіне табыс түскен.
Қазіргі таңда, Швецияда жыл сайын 200 000 тонна қоқысты қай өндіріп, пайдаға асырып отыр. Бұл елде адамдар қоқысты арнайы ретпен жіктеп тастайды. Өндірілетін, жөнделетін, өндірілмейтін заттардың өз қоқыс жәшіктері бар. Швецияда1 пайыз ғана қоқыс свалкаға түсіп отыр.
Швецияның қоқыстарды қадағалау, қайта өңдеу «Avfall sverige» атты ірі ұйымының мәліметіне сүйнсек: жарамыз тұрмыстық техниканың 99 пайызына утилизация жасалынуда. Соңғы уақытта барлық дамыған елдер Швецияның қоқысты кәдеге жаратуын қолға алуды жөн санап отыр.
Әрине, Швеция қоғамы бұл тәртіпке үйренуі оңайға соққан жоқ. Арнайы айыппұлдар салынып, керекті қоқыс құрылғыларын барлық аулаларда орналастыру арқылы бүгінгі тәртіп орнады. Тіпті, бұл елде қоқысты жіктеуді балабақша кезінен үйретіп отырады.
Көпшілік елдер қоқыстан пайда көруге шын ниет танытпаған кездерде Швеция қатты кірісіп, көздеген мақсаттарына араға 50 жыл салып келді. «Елу жылда ел жаңа» деген осы болар.