Жас кезімде армандайтын едім. 40-жасқа толмай жыр кітабым жарық көрсе екен деп. «Не үшін 25 емес?», » Не үшін 35 емес емес?» деп таңданысатын шығарсыз, өйткені мен есімді кештеу жинадым. Мойындаймын, мен жастайымнан бұзықтыққа құмар болдым, басымнан сөз асырмадым, асыра алмадым, нағыз жігіт боп өмір сүргім келді, қызық қудым, өмірге басқа көзқараста жүрдім. Оған жігіттік желікті қосыңыз, 25 жасымда үйленсем де, ақыл тоқтату кезеңіне 30-дан асып барып әрең үйреністік. Аллаға шүкір, бүгінде басылдық. Бәрі ұмытылды. Жын басылды. Сабырлы қалыпта өмір сүруге үйрендік, балашағалы болдым. Туған нағашым ақын Аманхан Әлімұлы талай бұзықтығымның куәсі болды. Қамшымен сабады. Үйге қамады. Боксқа берді, күреске берді, мектепті Алматыда оқытты. 9-ды бітіре сап, үлкен қаланың мектебіне ауылбай болып, арсалаңдап кіріп кеттім. Талай ақсаусақ, босбелбеу, шәлтіреңбайлармен төбелесуге, төтеп беруге тура келді. Аллаға шүкір, намысты қолдан бермедік. Көкпар тартып, кеппен шауып, күреске қатысып, өскен мағаү төбелес түкке тұрғысыз болатын. Бірақ содан опық жеген кездер де аз болмады. Тағам «қоғамды былғамай ауылға құры» деп те талай ескертті. Бірақ ауылға қайтқым келмеді. 11-ді бітірер жылы Ресейдегі десантура мектебіне қабылдандым. Арманым-десант болу еді. Бірақ арагідік өлең жазатынмын. 1997 жылы мектепті тамамдап, Ресейге кеткелі тұрғанда ата-анам мен тағам қарсы болды. Өйткені Шешенстанда соғыс жүріп жатқан. Сонымен мені ол жаққа жібермейтін болды. Амал жоқ, ҚАЗГУ-ге құжат тапсырдым. Грантпен оқуға түстім, сол бұзықтық, түбіме жетіп, 99 жылы оқудан қуылдым. Міне, содан бері талай жыл өтті. Аллаға шүкір, оқуды Шымда бітірдім, еңбек жолымды да осында бастап, журналистикаға бет бұрдым. Бірқатар басылымда, телеарнада еңбек еттім, үйлендім, үйлі болдым, Астанаға көштім, Алматыға ауыстым, Шымға келдім, Жетісайға бардым, Түркістанға келдім. Тағдыр шығар, менен үміт үзбеген достарыма Алғысым шексіз. Пұшық жарыма рақмет. Сенді, сене білді, әлі де сенім артады, ешкімге қиянат жасаған кешім болған жоқ. Уәдемде тұруға, сөзге берік болуға ұмтылдым, алдандым, алдады, өмір ғой, бәріне көндім. Алла қаласа, міне 25-і күні досым, Бейсен Тәжібаев тың жеке қолдауымен, қолпаштауымен «Жапырақ ғұмыр» атты кітабымның тұсауын кескелі отырмын. Менің кітабымды мен бұрын көріп, білмеген, тіпті танымайтын алматылық Канат Танатаров ағам өз қаражатына 1000 дана етіп шығарып берді. Алла разы болсын! Мұндай азамат некен-саяқ шығар, балашағасының рақатын көрсін! Тұсаукесерге шақырдым, ауырып, келе алмайтынын жеткізді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.