Бүгін, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдауында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жүнісов Дамир Дәулетұлы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауда облыс тұрғындары Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласынан Абай даңғылын ашу, Түркістан қаласында жазба ақындардың басын қосатын, жыр кештерін өткізетін, өлең оқуға арналған орталығын ашу сынды ұсыныстарын білдірді. Қабылданған 4 азаматтың өтініштеріне ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді.