ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы Қарағанды қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтаған.
Он жылдық тәжірибесіне қысқаша тоқатала кетсек: 2010 жылдың наурызынан — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап — Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 6 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. 2016-2018 жылдары Астана қаласының әкімі. 2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған болатын.