Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу бойынша дайындық жұмыстары пысықталды.
ТМД елдері арасында Мәдени астана мәртебесі берілуі қала үшін үлкен мәртебе болса, сонымен қатар үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін сезіну керекпіз. Үлкен мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытын қамтып отыр, Тапсырма- жоспар бекітіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жасалмақ.
Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін айтқан қала басшысы осы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік мол екенін айтып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.