Бүгін, сіздердің алдарыңызға шығып, бұрынғыдан өзгеше есеп беруге бел будым. Қағаз құшып, сандарды сараптамай, барынша қарапайым сөздермен ел игілігіне атқарылған жұмыстар мен әлі де алдымызда тұрған мақсаттарды айтуды жөн көрдім. Әлемге әйгілі TedX форматы осы мақсатқа жетудің ең дұрыс шешімі деген сенім болды.

Ойларыңыздан шығып, қаламыздың өркендеуі жолындағы әр жобамыз, нәтижеміз, мақсатымыз жайлы қажетті ақпаратты жеткізе білдім деген үміттемін. Тыңдаушылар тарапынан шынайы қызығушылық және кейінірек қойылған сұрақтар тұрғындарымыздың қала болашағына деген үміті мен сенімін көрсетті.

#АшықӘкімдік ұстанымы аясында әріптестерімді де ортаға шақырып, халыққа ел игілігіне қызмет атқарып жүрген ұл-қыздарын таныстырдым.

Жылы лебіздерін, сенімдерін көрсеткен әр тұрғынға алғысымды білдіре, есепті мен бергенмен, бұл барлығымыздың: әлеуметтік мәселелерге немқұрайлы қарамайтын әр тұрғынның, әкімдікке қарасты бөлімдегі шынайы жұмыс істеп жүрген әр қызметкердің, Өмірзақ Естайұлы бастаған облыс әкімдігінің, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасында жүзеге асқан жобалар екенін айта кеткім келеді.

#ГүлденеБерТүркістан

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.