Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін Ордабасы ауданында есеп беру жиынында маңызды мәселелер мен тың ойлар қозғады. Су шықпайтын жерлерге Израиль технологиясымен осы аймақта қарбыз егіп табыс табуға болатынын жаңалық болғанын жұрт есіне салды. Жерді тиімді пайдалану бағытында жұмыстарды ширата түсу керек- деді әкім. Осындағы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан тұрғындарға табиғи газ мәселесін бір айға жетпей шешуге қол жеткізген аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлының іскерілігін де атап өтті.
Ордабасы ауданының потенциалының жоғары екендігіне тоқтаған Түркістан облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы қай салада болмасын тиімді жолдар қарастырып, күрмеуі шешілмеген мәселелерге назар аударуды қадап айтты.
Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту туралы ұсынысы да көптің көкейінен шықты.Себебі, жергілікті қазынаға кәсіпкерлерден түсетін салық түсімі мардымсыз екенін де нақты мысалмен айтып өтті.
Бұрынғы ескі сүрлеумен жүрмей жаңаша бағытпен жұмыс істеу керекпіз. Халыққа маңызды, қажетті мәселерді қозғау қажет — деп ойын түйіндеді облыс әкімі.
«Біз, Түркістан қаласына тарихи мәртебе беру – Елбасының жобасы екенін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, тарихи қаланың ерекшелігін сақтай отыра, оны заманауи бағытта дамытудың негізгі үш бағытын жүзеге асырып келеміз. Ол үш бағыттың бірі – Тарихи-мәдени аймақ. Екіншісі – әкімшілік-іскерлік орталық, үшіншісі – ескі қаланы жаңғырту», – деді облыс әкімі Ө. Шөкеев Түркістанқаласының әкімі Р. Аюповтың халыққа есеп беру кездесуінде.Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берген өңір басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.
«Түркістанды дамытуда өзекті мәселелердің бірі – қала халқын 100 пайыз табиғи газбен және сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету. Себебі, табиғи газбен толық қамту арқылы қаланың экологиялық ахуалын жақсарта аламыз», – деген Өмірзақ Естайұлы жаздың аптап ыстығында қолайлы климат қалыптастыру үшін қаланы суландыру мен көгалдандыруды қолға алу міндетін атап өтті.
«Қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушылар тарапынан тұрғын үйге деген сұраныс артуда. Осыған сәйкес, салынатын тұрғын үйлердің санын арттыру және сыртқы келбеті мен сапасына мән беруді; Тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылыммен (абаттандыру, газ, су, кәріз, электр жарығы, жылу, байланыс торабы, т.б.) толықтай қамтамасыз етуіміз керек».
Басты мақсат – Түркістан қаласын тұрғындары мен қонақтарына жайлы, қауіпсіз, таза, көрікті де әсем қалаға айналдыру», – деді Ө. Шөкеев.
Айта кетейік, әкімшілік іскерлік орталығында жалпы ауданы 575,8 мың шаршы метр немесе 7459 пәтерді құрайтын 156 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2019 жылдың қорытындысымен 32 үйдің құрылысы аяқталып, 1701 пәтер пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, 2019 жылы қала бойынша 100 көше асфальтталса, биыл тағы да 100 көшеге асфальт төселетін болады.