Дәуіт (а.с.) бір күні өзінің көрген түсін баян етеді.
-Бір күні түс көрдім, — дейді. Түсімде түрі жаман, аянышы, сұрқысыз кемпірді көрдім. Сен кімсің?, — дедім.
-Мен дүниемін, — деді.
-Түрің не деген жаман еді … ?
-Бұл менің шынайы келбетім, — деп жауап берді дүние.
Сол кезде Дәуіт (а.с.) сұрағын жалғастырып:
-Сенің жұбайың, күйеуің бар ма?
-Ия, бар. Көп. Олардың бәрін өлтіріп тындым.
-Бәлкім, олар сенің түріңе, сұрқыңа қарап бас тартқан шығар?
-Жоқ. Қабірге тығып тындым бәрін, — деген екен.
-Сен оларды жоғалтқаныңа өкінесің ба?
Дүние айтады:
-Жоқ. Мен оларды жоғалтқаныма өкінбеймін. Ешқашан өкінбеймін. Мен оларды жоғалтқанда мен жыламаймын. Олар мені жоғалтқанда жылайды. Олармен айырылысқанда мен өкінбеймін. Олар менімен айырылысқанда өкінеді. Себебі, олардан кейін келе жатқан буын менімен некелесуге дәмелі, — деген екен.
Сол себепті, құрметті ағайын. Мына дүниенің қызыл-жасылына қызығып, еліктеп жүріп, Алла Тағаланың алдындағы күнімізді естен шығарып қоймайық.
Ардақ Нүсіпханұлы