Семей соты Мұхтар Жәкішовтің мерзімінен бұрын босауына қатысты үшінші рет берілген өтінішті қанағаттандырып отыр.
Жәкішовтың қолдаушы кәсіпкерлер мен адвокаттар үкімді ұйғаруға наразылығы жөнінде жоғары орынға 2018 және 2019 жылдарғы өтініштер тастаған. Алайда, сот бұл өтініштерді мақұлдамаған.
«ҚазАтомПромның» бұрынғы басшысы 2010 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің:
• 176 – «Өзге және сеніммен берілген мүлікті иемдену»;
• 311 – «Пара алу»,
— баптары бойынша айыпты деп танылған.
2012 жылы алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану баптары да қосымша мойнына ілінген. Сол кезде, 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы соттың үкімі шыққан.
«ҚазАтомПромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішов 2009 жылдың мамыр айынан бері қамауда отыр.
Маңызды ақпарат: Жәкішевтің ісі қоғамдық кең резонанс ала бастағаны жасырын емес. Көптеген құқық қорғаушылар мен бизнесмендер Жікішовті қорғауда әлеуметтік желілерде, БАҚ құралдарында сөз сөйлеп, мерзімінен бұрын бостылуы туралы арыздарының мақұлсыз қалуын саяси күштерге жауып отырды. 2016 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Жәкішевтің ісінде халықаралық адам құқығының бұзылуын анықтайды. Алайда, Қазақстан заң бұзушылықтардың жоқ екенін дәлелдейді.
Егер де «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысына прокуратурадан 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түспесе үш жыл, екі ай және 17 күні қысқартылып, темір тордан ерте босап шығуы мүмкін.