Денсаулық сақтау министрлігі ауа арқылы тарайтын инфекция және тұмау бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты, жоспарланған барлық іс-шараларды өткізбеуге ұсыныс тасталды. Ақпарат бүгін «информбюро» сайтында жаряланды деп, хабарлайды q-content тілшісі.
Қазақстанндағы мегаполис қалалары мен аймақтарында әлемдегі коронавирустің белен алуына байланысты Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған жаппай іс-шаралардың өткізілуіне тыйм салып отыр. Балабақшалар мен мектептерде мерекелік, таңдық немесе ата-анасының қатысуынсыз сынып сағаты түрінде ұйымдастырылатын жиындарды өткізбеуге шақырады.
Барлық бұқаралық іс-шаралардың да болдырмауын қадағаланбақ. Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі, 8 наурызға дейін елордада бұқаралық іс-шаралардың біреуі де болмайтынын хабарлап отыр. Қаладағы жоспарлаған екі ірі мерекелік іс-шаралар тоқтатылды.
Екінші наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың ахуалына байланысты 8 наурызға орай Нұр-Сұлтандағы салтанатты отырыстар мен концерттерді алып тастауды тапсырған болатын. Бұл ретте, ресми тыйым ертеңгіліктер өткізу мектептерде, балабақшаларда да тыйм салынып отыр. Елімізде алдағы уақытта наурыз мерекесіне орай ресми түрде жоспарланған барлық іс-шаралар өз күшін жояды деп күтілуде.