Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантин режиміне көшуіне байланысты шымкенттіктер пойыз билеттерін өткізді.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 17 наурыз күні 1135 шымкенттік тұрғын билеттерін қайтарған. Ал 18.03.2020 жылы қазіргі уақытқа дейін 1215 адам билеттерін қайтарған.
Алматы және Астана қаласына баруға жоспарлаған азаматтар билеттерін қайтарып алған.
Бұл ретте билеттер кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіліпті. Жауаптылар халықтан билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұрайды.
Естеріңізде болса, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантин режиміне көшуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев қандай бағыттағы пойыздардың жұмысы тоқтағанын айтты.
Қазақстандықтар пойыз билеттерін жаппай өткізіп жатыр. Елде уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» жолаушылар билетінің ақшасын толықтай қайтармақ.
Бұл ретте билеттер кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіліпті. Жауаптылар халықтан билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз дейді.
«Бүгінге дейін 9 мемлекетаралық пойыз, Қазақстан аумағында 7 пойыз бағыты қысқартылды. Елімізде жүретін пойыздар әзірге штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл мәселе қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде қаралып жатыр», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев.
Ол еліміздегі ҚТЖ кассаларының саны 230 екенін және олар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Бір тәулік ішінде қайтарылған билет саны 11-12 есе өсті. Мысалы, бұрын бір тәулікте 7 мың билет қайтарылса, қазіргі уақытта тәулігіне 80 мың билет қайтарылуда. Билетті өткізу үшін билет пен жеке куәлікті көрсету керек», — дейді ол.