Шымкент қаласында БАҚ өкілдерінің қатысуымен коронавирус пандемиясының алдын алу шаралары аясында кезекті рет қоғамдық көліктерге санитарлық тазалау жұмыстары жаппай жүріп жатыр.


– Қала бойынша 76 бағытта қоғамдық көліктер қатынайды. Кестеге сәйкес, күнделікті шығатын 1100 график болса, бүгін соның 858-інің әрбірі орташа 5 айналым жасады. Мәселен, соңғы аялдамалардың бірі – «Темір жол вокзалы» аялдамасында №92, 142, 145, 150 тб автобустары дезинфекцияланды. Мұнда әр айналым сайын Көлік компанияларының арнайы киім киген мамандарымен дезинфекциялық құралдары арқылы көліктің іші-сыртын жуу жұмыстары жасалынуда, – деді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы Қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев.

Айта кетсек, мұндай дезинфекциялық жұмыстар күнделікті ережеге сай атқарылады және тиісті басқармалардың бақылауында болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.