ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ БІР КҮНДЕ 8 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТІГІП, КӨПТІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ
Коронавирусқа байланысты елдегі қалыптасқан жағдайға орай жер-жерлерде еріктілер елге қолдарынан келгенше жәрдемін беріп жатыр.
Алдағы 5-6 күн демалысты тиімді пайдалану мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының 30-ға тарта қызметкері (қолдарынан тігу, кесіп-пішу келетін қыз-келіншектер) ерікті түрде «Гауһар» тігін фабрикасында барды. Сондай-ақ №5 колледжде бетперделер тігуде.
Жалпы, аталған фабрикада ірі үш тігін цехы бар. Оларда негізінен киім-кешектер тігіледі. Індетке байланысты төтенше жағдай енгізілгелі киіммен қатар бетперде тігіле бастады. Фабрика орта есеппен күніне 15 мыңға жуық бетперде дайындауға қауқарлы.
Айта кетсек, орталық қызметкерлері алғашқы бір күнде волонтерлық жасап, 8 мыңнан астам бетперде дайындады. Олар қаламыздағы мекемелер мен дәріханаларға таратылмақ.