№3 және №13 қалалық емханаға келген кез-келген пациентті медицина мамандары арнайы құрылғының көмегімен дене қызуын өлшеп барып, мекемеге кіргізеді. Медициналық ұйымдар демалыс күндерге қарамастан, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Емханаларды аралап шыққан денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Темірхан Варзилов карантин режимінде жұмыс істейтін медицина мамандарының дайындығын бақылап шықты.
Сондай-ақ басқарма басшысы емханаға тіркеліп, үй карантинге алынған он шақты пациентке жеке өзі қоңырау шалып, медицина мамандары берген нұсқаулықты ұстауды ескертті.
Айта кетейік, барлық медицина ұйымында қатаң маска режимі енгізілді. Емханалар штатты режимде 08.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді.
Медициналық ұйымдардағы кабинеттер қол жууға және өңдеуге арналған антисептикалық құралдармен жабдықталған. Бұдан басқа, дәліз қабырғаларында қолды өңдеуге арналған антисептигі дозаторлар орнатылған.
Ал мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіледі. Ал балаларға екпе салу жоспар бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдер де жоспарлы тәртіпте қабылданады. Амбулаторлық медициналық ұйымдарда шұғыл көмек көрсету жұмысы күшейді. Емханалардың дәлізіне пациенттер үшін антисептиктер орнатылған.
Как работают поликлиники в Шымкенте во время карантина
Любому пациенту, обратившемуся в городскую поликлинику №3 и № 13, медработники с помощью специального устройства измеряют температуру. Медицинские организации работают в усиленном режиме, несмотря на выходные дни. В ходе осмотра поликлиник и. о. руководителя управления здравоохранения Темирхан Варзилов осмотрел готовность медицинских специалистов, работающих в режиме чрезвычайного положения.
Во всей медицинской организации введен строгий режим маски. Поликлиники работают в штатном режиме с 08.00 до 20.00.
Кабинеты медицинских организаций оснащены антисептическими средствами для мытья и обработки рук. Кроме того, в здании установлены антисептики для обработки рук.
Кроме этого, инвалидам и пожилым медикаменты доставляются на дом. Вакцинация детей проводится по плану. Беременные также принимаются в плановом порядке. Усилена работа по оказанию экстренной помощи в амбулаторных медицинских организациях.
Кроме того, руководитель управления лично поговорил по телефону, с пациентами которые находятся на домашнем карантине. Темирхан Варзилов призвал соблюдать установленный режим и поинтересовался у пациентов, как ведется наблюдение врачами.