«Әлем халқын абдыратып қойған аты дүниені дүрліктірген коронавирус біздің елді де сырт айналып кетпеді. Осынау қиын-қыстау сәтте Елбасымыздан қатардағы жауынгерге дейін өз үндеулерін жолдап, қиналған халыққа сөзбен болсын жәрдемші болуға көк байрақты көтерген ел спортшылары да үн қоспағаны жарамас.
Осындай сыналар тұста еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың «бар салмақты үкіметке артып қоя салғанымыз қате. Бұл тек бір адамның күресі емес. Бүкіл мемлекет күресі»- деп атап өткендей, ел басына күн туған, ауыртпалығы атанға жүк боларлық сәтте әрбіріміз бой көрсете білуіміз керек. -Қазақ қашанда татулықтың жаршысы, бейбітшілікті бабадан мұра етіп, «Біріңді қазақ бірің дос..»- деген Абайдың асыл қазынасын ұран қылған халықпыз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол көрсету мақсатында елдің тыныштығы үшін баршаңызды сабырға шақырып, осы бір басқа салған уақытша сынға төтеп беруге ауызбіршілікке шақырар едім — деген Олимпиаданың күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұлова да Елбасымыз Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдаған үндеуінен соң осылайша жерлестерінің руһын біршама көтеріп қойды», — дейді елінің туын әлемге танытып жүрген Жазира Жаппарқұл.
Жазира ЖАППАРҚҰЛ, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері