– Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр. Мұндай игі істен шымкенттік жомарт жүректі азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Бұл – елдігіміздің көрінісі, қуантарлық жағдай, әрине. Елбасының осындай қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бейжай қалдырмады. Бұл, меніңше, бәрімізді жігерлендірген өте ұтымды шешім болды. Біз, қай салада болсын, өз кезегімізде үндеудің әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысуымыз керек. Сондықтан осы елдің азаматымын дейтін әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіріп, көмек қолын созып жатса нұр үстіне нұр. Күні кеше Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Сол кезде: «Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», – деді. Елбасы еліміз алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді. Сондықтан, елдігімізді танытайық. Қолдауымызды көрсетейік.

Гүлнар ҮСЕНОВА, «Асыл бала» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.