Латипша АСАНОВ, Түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы: — Қазақ халқында «Ынтымақ түбі – игілік» деген аталы сөз бар. Бұл өте қиын кезең әрі біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсететін сәт. Халықтың басына қиын сәт туғанда жәрдем беруден біз де қалыс қалмауды жөн көрдік. Кәсіпкерлер секторы қазір барынша көмек қолын созып жатыр. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік танытуда. Елбасы дер кезінде Үнден жолдап, халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне басты назар аудару керектігін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Шымкент қаласында қазіргі таңда қауіптің алдын алуда сақтық шаралары күшейтілген. Барлық мекемелер оған атсалысуда. Кәсіпкерлер де ел арасынан шыққанда мұндай жағдайға жұртпен бірге болуды парызы деп санайды. Ел азаматтары қысылтаяң кезеңде бірлік пен ынтымақтың ауылынан табылып, қолдауын тоқтатпайды деп сенемін. Әлде де қолдау көрсетуге әзірміз.