Орынбай Рахманбердиев, қоғам қайраткері: «-Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұдан да күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Барлық ауыртпалықты артқа тастап, әрдайым ортақ отанымыз Қазақстанның гүлденуі жолында еңбек етіп келеміз. Осы жолы да дәл солай қиындықтарды артқа тастауымыз керек. ҚР Тұңғыш Президенті күні кеше жолдаған үндеуінде осындай келелі ой қозғады. ДДСҰ жарияланымымен пандемия деп танылған вирус жер шарындағы 160-тан астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Індеттің географиялық өрісі кеңейіп, күн сайын ауруға шалдыққандар қатары артып келеді. Бұл алаңдарлық жағдай. Сақтық шараларын мықтап ұстану қажет. Тазалық денсаулық-кепілі екенін назарымызда ұстайық!»