Бүкіл әлемді шарпыған індет өкінішке орай Қазақстанды да айналып өтпеді.
Бұл майдан халықтың төзімі мен елдің бірлігін сынға салды.
Үнемі игі істердің басынан табылатын шымкенттік кәсіпкер — #Бал_текстиль ЖШС директоры Талғат Жүнісбекұлы Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн. теңге аударып, өз үлесін қосты.
Қазақ кілемін бренд ретінде әлемге танытып жүрген кәсіпкер: «Бұл індетті жеңу үшін жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа күш біріктіруіміз қажет. Талай зобалаңды өткерген ұлы елдің ұрпағы ретінде бұл індетті де жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз» дейді.
Айта кету керек, төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер өз еркімен уақытша жұмысын тоқтатқан. Мұнымен қалада індеттің таралмуына атсалысқаны ғой. Иә, осы сәттерде тек пайданы емес, ар ойлаған азаматтардың мұндай әрекеті мақтауға тұрарлық-ақ.