Дана халық: «Қанағат — қарын тойғызар» дегендей, бағаны негізсіз көтеріп, тек пайданы ойлаған базарлар жабылатын болады. Және де тазалықты сақтамаған базарларды сол күтіп тұр. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтенов көтерме базарларды аралау барысында нақты айтты.
Шымқала басшсы алдымен «Жібек жолы» базарында болып, ондағы саудагерлерді жақын әңгімеге тартты. Сатып алушылардан баға жөнінде сұрады. Көтерме сауда базарында соңғы күндері азық-түлік бағасының 30-40 теңгеге төмендегені байқалады. Оны сатушы мен сатып алушы да растап отыр. Атап айтар болсақ, картоп 60 теңгеден бастап 130 теңгеге дейін саудалануда. Пияз 60- 90 теңге аралығында, сәбіз 40 -100 теңгеден сатылуда. Қырыққабаттың келісі 45-90 теңгеден, қызылша 70-100 теңгеден, тұрып 45-80 теңгеден сатылуда.
Соымен біреге, қала орталығындағы көтерме «Қазыбек» базарында біршама бағаның тұрақтанғаны байқалады. Бөлшек саудада аздаған артықшылықтар бар. Тиісінше биылғы өнімдердің бағасы арзандаған. Атап айтар болсақ, жергілікті қияр 350 теңгеден.
Базарға келген әрбір тұрғынның шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі түсіндіріп берді. Ең бастысы билік базарды аралаған кезде бағаны арзандатып, одан кейін көтеріп жіберген орындардың жазасыз қалмайтынын да айтты.
Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерді осындай қиын-қыстау кезінде пайда тауып қалуды ойламай елге мейлінше қол ұшын беруге үндеді.
Қос базарға ескертусіз келіп, ішкі сауда орындарын аралап шықты. Көпшілік тамақтанатын дәмхана жұмысын да көрген болатын. Көрген кемшіліктерді тездетіп жоюға тапсырма беріп кетті. Бұл ескертулерге құлақ аспаған жағдайда, базардың жабылатынын да ескертіп өтті.