Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.
– Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға да берілетінін мәлімдеді.
Осыған орай біз аудандағы аталған санаттарға жататын отбасылардың тізімін жасап шықтық. Әзірге тізімге 6 мың отбасы алынып отыр. Келесі аптаның басынан бастап тегін азық-түлік олардың үйіне жеткізіп беріледі. Егер тізімге ілінбей қалғандар мұқтаж жандар болса, біз ешкімнің өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз, — деді Абзал Шымкентбайұлы.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл іске жекелеген кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. «Шымкент құс» компаниясы Қаратау ауданындағы аса мұқтаж отбасыларға 300 келі құс етін тегін таратқан. Сондай-ақ, аты-жөнін жарияламауды сұраған тағы бір кәсіпкер аудан тұрғындарына бір күнде әрқайсысы елі келілік 250 қап бірінші сұрыпты ұнды тегін таратқан.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы