Шымкентте Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының аумағында карантиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Абай ауданы бойынша мобильдік топ мониторинг барысында «Павлин» тойханасында жиын өткізген жағдайды анықтады. Тойхана иесіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, Көмешбұлақ базарында орналасқан дүкендер мен асханаларға карантиндік талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Карантин талаптарын сақтамаған 3 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Мобильдік топ базар әкімшілігіне карантин талаптарын қатаң сақтау бойынша ескертулер жасады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қала тазалығымен айналысушы «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС өкілдеріне маска таратты.
Іс-шараның басты мақсаты — халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қала аумағында тазалықты қамтамасыз етуші қызметкерлердің еңбегі үлкен құрметке лайық. Таң сәріден жұмысқа кірісетін сала өкілдері абадттандыру және көгалдандыру жұмыстарын да атқарады. Күннің ыстығы мен суығында да тынбай еңбектенетін жұмысшылар полиция қызметкерлерінің игі шарасына рахметтерін жеткізді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажеттігі жөнінде де түсіндірме жұмыстарын атқарды. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз!