Еңбекші ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жеңімпаз атанған отбасыларға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл байқауға аталған ауданнан 20 отбасы өтініш білдірген. Құжаттарын арнайы құрылған комиссия қарап, 4 отбасыны лайықты деп таныған болатын.

Өзгеге үлгі болып жүрген отбасылар қатарында Бимурзаевтар, Шерметовтер, Садыковтар және Түктыбаевтар отбасы бар.

Еске салсақ, жалпы аталған ұлттық конкурсқа қатысу үшін қала бойынша 110 отбасыдан өтініш келіп түскен болатын. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алып, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылған еді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.