КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНЫНА КӨШУШІЛЕР АРТТЫ

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов Нұрсәт шағын ауданын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан әкімі көп қабатты үй тұрғындарына жаңа басқару нысанына көшудің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндірді. Бүгінге дейін Қаратау ауданында 9 меншік иелерінің бірлестігі және 124 жай серіктестік құрылған.

Аудан басшысы көп қабатты үйлерге сервистік қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне үйлердің, ауланың тазалығы бойынша тұрғындармен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Осы орайда, А.Әліқұлов қала тазалығына тек қызмет көрсетуші мекемелер ғана емес, әрбір тұрғынның да тікелей жауапты екенін атап өтті.

Айта өтсек, Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлер басқарудың жаңа нысанына көшуде – МИБ (мүлік иелерінің серіктестігі) жəне ҚС (қарапайым серіктестік). Олар бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй- бір ММИБ/ЖС- бір есепшот» принципіне негізделіп жұмыс жасайтын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған