Қытайлық ғалымдар шоқта әзірленген ет тағамдары адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертуде
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, көмір жанған сәтте түтініне қауіпті қоспалар бөлінеді. Мұндай қоспалар генетикалық мутацияға жол беріп, өкпенің, қуықтың және терінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Ғалымдар, тіпті мангал қасында тұру да онкологиялық ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертуде. Олар кәуап әзірлеу кезінде жеңі ұзын киім киюге кеңес берді.