Пак Татьяна ағымдаңы жылдың 4-тамыз күні өте ауыр хәлде Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.
Науқастан коронавирус инфекциясы мен өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Бұған қоса пациент өздігінен демала алмағандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
1976 жылғы азаматшаға дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсеткен. Бір айдан аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырған.
Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Өздігімен тыныс алуда. Тыныс алу жиілігі жақсарған дейді дәрігерлер. Денсаулығы жақсарған екі баланың анасын дәрігерлер үйіне шығарды.