Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тамыз конференциясында білім саласы қызметкерлеріне оқушылардың білім сапасын арттыруды, ұстаздардың өз білімін жетілдіруде үнемі ізденісте болуын және кәсіби тұрғыдан жан-жақты дайындалу керектігін жүктеген болатын.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі қала тұрғыны екенін ескерсек, шаһарда жастайынан білім мен ғылымға, мәдениеттілікке ден қойып, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру маңызды міндет. Осындай дарынды балаларды тәрбиелеп, білім мекемесін қалада озық деңгейге жеткізген ұстаздың бірі – Арман Орынбеков. Бүгінде ол №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің директоры, әрі тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.
2012 жылы Асар шағын ауданындағы №90 мектептің басшылық тізгінін қолға алғаннан қазірге дейін білім ордасынан 60 «Алтын белгі» мен 40 «Үздік аттестат» иегері шықса, 9-сынып оқушыларының 60-ы «Үздік аттестат» алған. Сондай-ақ, аталған мектептің 700 түлегі Мемлекеттік Грантты иеленген. Мұндай жоғары көрсеткішпен №90 мектеп-ги