Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр. Оның ішінде 259 себеп әйелдің денсаулығына, 56 себеп ердің денсаулығына қатысты болса, 13 жұп донорлық бағдарламада тұр. Оларға 2019 жылы – 50, 2020 жылы – 64, ал биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына сәйкес 403 квота бөлінді. Жыл басынан бері оның 338-і бөлінді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдай алады. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан: «Экомед-Шымкент» ЖШС, «Эко –Шымкент орталығы» ЖШС 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС.
Шымкенттік клиникалар бұл бағытта нәжижелі жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Экомедке 177 квота бөлінген, оның 22-сі жүкті, 120 – дайындықта. Эко–Шымкентке 129 квота бөлінген, оның 40 – жүкті, 71-дайындықта. Доктор Тарарака 25 квота, оның 4 — жүкті, 7- дайындықта. Алматы қаласындағы «Персоны» клиникасына 4 квота, оның 1-дайындықта. Нұр-Сұлтан қаласындағы «ННЦМД» — 1 квота, қазір жүкті. «МЕДИННОВАЦИЯ-АСТАНА» клиникасына 2 квота, оның 1 – жүкті.