Шымкент қаласында «Төлем» компаниясы тарапынан тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жеңілдік ретінде оқушыларға арналған «Төлем» картасы тегін берілуде. Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балалары картаны мектептің әлеуметтік педагогынан ала алады.
Толық мәліметті мектептің әлеуметтік педагогынан біле аласыз. Қалада оқушылар үшін жалпы жол жүру ақысы төмендегідей белгіленген:
– 35 теңге (7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).
– 50 теңге (15-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша).
Және де ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға гинеколог маманға жүгіну қажет. Ұйым мамандары бедеулігі бар пациентті диспансерлік электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды.
12 ай ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымына бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді.
Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» Порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.
МӘМС бойынша жылына бір рет ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. МӘМС жүйесінде ЭКО-циклдің базалық бағдарламасы қарастырылған.