Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі қарсаңында ҰОС ардагерлерін шаңырақтарына барып құттықтауды жөн санады.  Өңір басшысы ардагерлердің соғыста көрсеткен ерлігін бүгінгі ұрпақтың қамы үшін жасалғандығын айтып, айтулы мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады. Батырларға деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын тіледі.

Өңір басшысы әуелі Ұлы Отан соғыс ардагері Әбжаппар Дайрабайұлының шаңырағына аялдады. Ол 1927 жылы 1 қаңтарда Сыр бойындағы Тартоғайда дүниеге келген. 1943 жылы майданға алынып, Беларусь, Украина майдандарында Польшаны азат етуге қатысқан. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Елге оралғаннан соң ұстаздық жолда еңбек еткен. Ардагер 3 қыз бен 2 ұлдан 6 немере тәрбиелеп отыр. Кейін облыс әкімі Ұлы Отан соғыс ардагері Немет Абдрасиловтың шаңырағында болды.

Ол 1922 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келіп, 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болған. Украина, Белоруссия майдандары мен Сталинград, Курск шайқастарына қатысқан. І дәрежелі Отан соғысы, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» сынды медальдармен марапатталған. Ардагер 5 ұл мен 1 қыздан 20 немере, 18 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңестірілгендер саны – 12 849, соның ішінде 63-і соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, 3- қаза тапқан жауынгерлердің жарлары және 9445-і тыл ардагерлері бар.

Мереке қарсаңында барлық аудандар мен қалаларда жергілікті бюджеттер есебінен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 252 500 мың теңгеден, оларға теңестірілген азаматтарға 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек берілетін болады.  

Қайтпас ердің қан майдандағы өшпес ерліктерін айғағы көп. Ардагерлеріміздің кешегі ерлігін жпстарымыз жадында сақтау керек. Бұл ұлы жеңіс ұлтымыздың жадында мәңгі қалмақ. Соғысқа қатысушылар ерлігі еш ұмытылмас. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болды. Соғыстың соңғы күндерінде де Қазақстаннан шыққан жауынгерлер алдыңғы шепте болған. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та бәрінің есінде қалды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.