Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев бұрынғы оңтүстіктегі ең тәжірибелі, елдің тыныс-тіршілігін жақсы білетін шенеуніктің бірі. Ол тізгінді қолға алған жылдары қасиетті Түркістан аймағы аяғынан тік тұрып, экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ұдайы жақсарта түсті. Дегенмен түйінін таппаған көкейкесті мәселелер де болмай қалған жоқ. Әсіресе, Түркістан облыс мәртебесін алғаннан соң мұндағы атқарылар ауқымды тірліктер көбейді. Құрылыс қарқыны артып, сан алуан жобалар іске асу үстінде.
Бүгінде Түркістан бұрынғыдан да жайнап, құлпыра түсетін болады. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, медицина тағы да басқа да көптеген салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр.
Әліпбек Өсербаевтың тұсында бұ жақтағы ең өзекті мәселелер — газ, ауыз су, жол, жылу жүйелері, тазалық өз деңгейінде ретке келтірілді. Тұрғын үй мәселелері де шешіліп жатты. Инвестиция тартылып, ауқымды жобалар іске асырылды.
Әліпбек Өсербаев әкімшілік жүйенің барлық қызметтік сатысынан өткен соң, елдің жалпы жағдайын, проблемасын өте жақсы біледі. Сондықтан іс көзін білетін іскер басшы барлық қолға алған мәселелерді шұғыл түрде шешуге тырысады.
Бұл әкім осы аймақтың төл перзенті. Атап айтарлығы, Түркістан тарихында әкімдік тақта ұзақ отырған жалғыз азаматтың бірі.
Ол ОҚО кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары сынды абыройлы қызметтер атқарды.
Соңғы сын сәтте облыс әкімі Ә.Өсербаевқа тағы да
Түркістан қаласын басқаруға сенім білдіріп кетті. Бұ жақтағы бастаған
игі істерін аяқтауға, туған жері мен елін гүлдендіруге мүмкіндік берді.
Сондықтан Ә.Өсербаев ел сенімін ақтау үшін күндіз-түні бір тынбай
шапқылаумен жүрген жайы бар.
Әкім Әліпбек Шәріпбекұлы елге
жомарттығымен, қарапайымдылығымен де көзге түсті. Түркістанда өз
қаржысына өткізілген қайырымдылық іс-шаралары осы сөзімізге айғақ бола
алады. Әкімнің бұл әрекеті Алла алдындағы сауап істің бірі деуге
болады.
Әліпбек Шәріпбекұлының Түркістан аймағын өрге сүйреп, өркендетіп кетсем деген арман, мақсаттары жоқ емес. Әрине облыс әкімі Ө.Шөкеев сенім білдіріп жатса. Президентіміз жергілікті кадрлардың қызмет жасауына мүмкіндік беру керектігін айтқандықтан Түркістан аймағындағы атқарушы билік тәжірибелі, іскер азаматтарға жауапты қызметтер атқаруға сенім білдірер деген ойдамыз.
Б.Түйетаев