«Зоология институты» РМК өкілдерімен бірлесіп, Жамбыл және Түркістан облысы аумағындағы құлан мен қарақұйрықты есепке алу мен мониторинг жүргізілуде. Арнайы мониторингктік топ құрылып, айдың соңына дейін айтылған облыстарда инспекторлармен іс-сапарлар ұйымдастырылды.
Арнайы мониторингтік топтың құрамындағы инспекторлары – Арутунян Богдан (Байкал ХРМ №2971), Тасыбаев Марқабай (Сайга-12), Жұманов Ғани, Исенбаев Аян, Агманов Бейсенбек, Жұмағожаев Даулет ағымдағы жылдың 03-27 мамыр айында жұмыстарды бірлесе атқарып, құлан мен қарақұйрыққа есеп жасады.
Мониторингтік топтың жұмыстары бұдан әрі де жалғасын табатын болады.
Іссапар аяқталған соң, мониторингтік топ бекітілген ережеге сәйкес Жануарлар дүниесін есепке алу бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.М.Ақаевқа есеп береді.