ҚР-сы экология геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «ОХОТОЗООПРОМ ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекшілігімен Жамбыл және Түркістан облысының аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар түрлеріне кезекті авиа есеп жүргізілуде. Арнайы мониторингктік топ құрылып, ағымдағы жылдың 02-21 сәуір айында жоғарда айтылған облыстарға инспекторлармен іссапарлар жасалынбақ.
Арнайы мониторингтік топтың құрамындағы инспекторлары – Арутунян Богдан (Байкал ХРМ №2971), Тасыбаев Марқабай (Сайга-12), Жұманов Ғани және Ғылыми министрліктің бас маманы Р.Байдаулетов тәулік бойы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жұмыстарын бірлесе атқарып, сирек тұяқтылардың жойылып кетпеуіне тиянақтылық танытуда.
Бүгінгі таңда, «ОХОТОЗООПРОМ ӨБ» мен Созақ ауданы «Табиғи қорғау» инспекторлары бірлесіп, Қаратау бөктеріндегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқтыларды қорғау жұмыстарын бірлесе атқарды. Қойрғау жұмыстары бұдан әрі де жалғасын табатын болады.
Іссапар аяқталған соң, мониторингтік топ бекітілген ережеге сәйкес Жануарлар дүниесін есепке алу бөлімінің басшысы Б.Д.Рамазановқа қорытынды есеп береді.
Тасыбаев Марқабай