Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстанға көшіп келген. Осы кезде оған белгісіз біреу Қазақстан азаматтығын алып беретінін айтып, қызметі үшін 125 мың теңге алған.

Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Шардара АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті шет елден енді қоныс аударған азаматтың төлқұжатының жоқтығын біліп, өз арам ойын жүзеге асырған. Ал ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Белгісіз азаматтарға ақша аудармауды және бермеуді, сенбеуді қатаң ескертеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.