Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Әскери қызметші ҚР конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға, белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға, оған адал болуға, өз халқына шексіз қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, әскери борышын өткеруге, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен көтеруге, өз Отанының патриоты болуға, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға, адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын өткеру кезінде дұрыс бастама танытуға, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға, оларға мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, әскери кәсіби білімін ұдайы меңгеруге, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіруге міндетті
Оған сеніп тапсырылған қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдана алуға, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге, әскери мүлік пен басқа да материалдық құралдарды күтіп-ұстауға, жауынгерлік жолдастықты бағалай білуге, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және ісімен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауынан сақтандыруға, әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оны киіп жүру қағидаларын сақтай отырып, әскери киім нысанын киіп жүруге, әрдайым және барлық жерде өзін лайықты және абыроймен ұстауға, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария болуына жол бермеуге, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын сақтауға, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес бірлескен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға, дене шынықтырумен айналысуға, уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға міндетті.
Келісімшарт бойынша әскери қызметші әскери қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде әскери қызмет өткеру кезеңіне әскери қызметшінің меншігіндегі оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, пайлық инвестициялық қорлардың ашық және аралық пайларын, сондай-ақ оған мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңдарымен әскери қызметшілерге өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.
Әскери қызметші мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтар достығын қастерлеуге міндетті.
Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастарында олардың ұлттық сана-сезім, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері құрметтелуге тиіс.
Қарулы Күштерде мемлекеттік тілмен тең орыс тілі ресми түрде қолданылады.
Әрбір әскери қызметшінің борышы — Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру.
Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға, барлық әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.
Қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас қағидалары бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу өзіне берілген құқықтар мен міндеттер ауқымында жарғылық реттілікті орнатуға шаралар қабылдауға, өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауға тиіс.
Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына ықпал ететін барлық жағдайлар мен оған жасалған ескертулер туралы ол өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.
Әскери қызметші лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдары мен соттарға жүгіне алады.
Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалғанда және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдері қолданып таусылғанда немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда болғанда қарсыластың тұтқынына түскен болса, ол өзін және басқа да әскери тұтқындарды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарауға және пайдалануға тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметші жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтады. Ол жауынгер абыройына лайық болуға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден сақтандыруға, қарсыластың әскери тұтқынды Қазақстан Республикасына залал келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.
Тұтқынға алынған, бейтарап елдерде еркінен айырылған әскери қызметшілердің әскери қызметші мәртебесі сақталады. Әскери қолбасшылық және оған уәкілетті басқа да мемлекеттік басқару органдары көрсетілген әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды Отанына қайтып оралту жөнінде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.
— Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері туралы не айтасыз?
Бұл міндеттер жалпыәскери жарғылармен, тиісті басшылықтармен, ережелермен, нұсқаулықтармен немесе тікелей бастықтардың жазбаша бұйрықтарымен айқындалады.
Арнайы міндеттерді орындау үшін әскери қызметшілерге заңнамалық актілерде және жалпыәскери жарғыларда айқындалатын қосымша құқықтар берілуі мүмкін.
Әскери қызмет қауіпсіздігі әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті ықпал етуді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген әскери қызметшінің қорғалу жай-күйі болып табылады.
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, қағидаларды, нормаларды әзірлеу және қабылдау, қайғылы оқиғалар мен кәсіби сырқаттануларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу, әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың талаптарын сақтауды бақылау жатады.
Әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы негізгі қағидаттар қызметтік істер нәтижелеріне қатысты әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына басымдық беру, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;
3) әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы мен нақтылығы болып табылады.
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметші әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың, бұйрықтардың талаптарын, сондай-ақ командирлердің (бастықтардың) қызметтік міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптарын сақтауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей бастығына дереу хабарлауға, нормативтік актілерде көзделген жағдайларда міндетті кезеңдік медициналық тексерулерден және куәландырудан өтуге, арнайы киімді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын арналуы бойынша пайдалануға міндетті.
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде командир өз өкілеттіктері шегінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, қағидалар шығарады, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде әскери қызметшілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді, қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін әскери қызметшілерді көтермелейді, әскери қызмет қауіпсіздігі талаптарын бұзған әскери қызметшілерге шаралар қолданады.
Әскери қызмет қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін командир әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге, қойылған міндеттерді орындау кезеңінде болжамды зиянды факторлар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, қағидалар мен нормалар талаптарына сәйкес әскери қызметшілерді әскери қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша оқытып-үйретуді және даярлауды жүргізуге, бағынысты әскери қызметшілерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға және оларды киюдің белгіленген мерзімдерінде арнайы киімді, аяқкиімді және зиянды (қауіпті) өндіріс факторларының әсер етуінен жеке (ұжымдық) қорғаныс құралдарын мақсаты бойынша пайдалануға, жөндеуге бақылауды жүзеге асыруға, қойылған міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге жауапты әскери қызметшілермен және мамандармен әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелер бойынша нұсқаулар беруді, сабақтарды, оның ішінде көрнекі сабақтарды және білімдерін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілерді міндетті кезеңдік медициналық қарап тексеру мен медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етуге, белгіленген нормаларға сәйкес әскери қызметшілерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, алдын ала өңдеу құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишалармен, сүтпен, емдәмдік-алдын алу тағамымен қамтамасыз етуге, жоғары тұрған әскери басқару органына әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қажетті ақпаратты ұсынуға, жүзеге асыруға, олардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, қайғылы оқиғаларға қызметтік тексеру тағайындауға және жүргізуге, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе және авариялық жағдай тудыруға әкеп соқтырмаса, тергеу басталғанға дейін қайғылы оқиғаның орнын, жағдайды оқиға болған сәттегі күйде сақтау жөнінде шаралар, ал оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды тіркеу жөнінде шаралар қабылдауға (сұлбалар жасауға, бұл ретте фото және бейне түсірілімдерін пайдалануға), жоғары тұрған әскери басқару органына бағынысты жеке құраммен болған қайғылы оқиғалар фактілері туралы дереу баяндауға міндетті.
— Әскери қызметшілердің жауаптылығы кәсіп пен әскери қызметтің беделін көмектесе ме?
Материалдық залал келтіруге байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда әскери қызметші жауаптылықтың өзге де түрлеріне тартылуына немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдануға қарамастан, ерікті түрде немесе сот шешімі негізінде залалды өтейді.
Әскери қызметшіні жауаптылыққа тарту кезінде оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қысым жасауға жол берілмейді.
— Әскери бөлім командирлерінің және негізгі лауазымды адамдарының міндеттері командирлердің жалпы міндеттері туралы не айтасыз?
— Әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі дара басшы болып табылады және мемлекет алдында оған бағынысты әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігіне және жауынгерлік қабілетіне жеке өзі жауапты болады. Ол әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне және жауынгерлік қабілетіне, жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйі мен әскери қызмет қауіпсіздігіне, қару-жарақ пен әскери техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанармай, жағармай материалдары мен басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне, пайдаланылуы мен сақталуына, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне, шарттық және талап-арыз жұмысына, әскери бөлімнің (мекеменің) қызметі нысанасына жататын лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензия алуды ұйымдастыруға, әскери бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына, мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға, жарғылық ішкі тәртіпке, жауынгерлік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлеріне жауап береді.
Командир бөлімдегі (бөлімшедегі) істердің нақты жай-күйін жан-жақты білуге, оның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілетін арттыруға барлық шараларды қабылдауға тиіс.
Командир (бастық) мемлекет саясатын өмірде нақты және жүйелі түрде жүргізуге бөлімнің (бөлімшенің) жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілетін қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға, жеке кәсіби даярлығын және әскери бөлімді (бөлімшені) басқару әдістерін жетілдіруге, қызметтік міндеттерін орындауда бағыныстылар үшін үлгі болуға, осы үшін өзінің қызмет уақытын тиімді пайдалануға, өзінің іске деген көзқарасымен және өзінің мінез-құлқымен әскери ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге, далалық машықтануды арттыруға, бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежесіне келтіру бойынша сабақтар мен әрекеттерде жаттықтыруларды жүргізуге; жеке құрамның өз міндеттерін білуіне және орындауына қол жеткізуге; жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілетін қолдау және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға, оларды орындауға қол жеткізуге, жоспарларға қажетті өзгерістер мен нақтылауларды уақтылы енгізуге, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың тізімдік және қолда бар құрамы туралы, бар болуы мен жай-күйі туралы ұдайы нақты мәліметтері болуға, олармен толық қамтамасыз етілуге қол жеткізуге, мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға, қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге, кадрлармен жұмысты білікті жүргізуге, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Командир (бастық) бағыныстыларды жауынгерлік даярлауға тікелей басшылық жасауға жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді жоспарлауға және оларды уақтылы қоюға, бағынысты командирлердің кәсіби білімін, әдістемелік шеберлігін және педагогтік мәдениетін ұдайы жетілдіруге, жеке құрамды жауынгерлік оқу-жаттығумен толық қамтуға қол жеткізе отырып, оқу-жаттығулар мен сабақтарды жеке өзі өткізуге, сыныптық мамандарды даярлауды ұйымдастыруға және бақылауға, жауынгерлік даярлық барысында бағыныстыларға бақылауды жүзеге асыруға және қажетті көмек көрсетуге, жауынгерлік оқу-жаттығуға сайысқа түсушілікті, бағыныстыларды оқытып-үйрету мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін барлық жаңалықты, жетістіктерді енгізуге, жауынгерлікке барынша жақындатылған оқытып-үйрету жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіруге міндетті.
Командир (бастық) бағыныстыларды ұдайы тәрбиелеуге оларда Қазақстан Республикасын қорғауға моральдық және психологиялық әзірлікті, Қарулы Күштерге тиесілігі үшін мақтан тұтуды және жауаптылықты қалыптастыруға және ұстауға, әскери қызметшілердің бойында әскери борышты орындау үшін қажетті қасиеттерді, әскери анттың қасиеттілігі мен мызғымастығы түсінігін, ержүректілікті, ұстамдылықты, тапқырлықты, қырағылықты, жауынгерлік жолдастық пен өзара қол ұшын беруді, заңдарға деген құрметті дамытуға, осы мақсаттарда тәрбиелігінің, қызметіне адал болудың жеке үлгісін, сондай-ақ әскери жоралғыларды (2-7-қосымшалар) белсенді пайдалануға, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге, әскери ұжымды шоғырландыру және әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайту туралы қамқорлық жасауға, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, қызмет мерзіміне, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларына қарамастан, олардың ұлттық сезімін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ескеруге және құрметтеуге, жауынгерлік әзірлікке және жауынгерлік қабілетіне залал келтіруші ретінде көрсетілген белгілер бойынша кемсіту әрекеттеріне төзбеушілік танытуға, бағыныстыларға кішіпейілділік пен ілтипаттылық танытуға, өзара қарым-қатынастарда әдепсіздік пен дөрекілікке жол бермеуге, олардың жеке басының қадір-қасиетін құрметтеумен жоғары талап қоюды және принциптілікті үйлестіруге, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрмыстық мәселелерін шешу мен құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға, шығармашылықты дамыту, мәдени тұрғыдан даму және демалу, денсаулығы мен дене шынықтыруды нығайту үшін жағдайлар жасауға, қажет болған кезде үлкен бастықтар алдында бағыныстыларды қолдауға міндетті.
Командир (бастық) өзіне берілген құқықтар шегінде жеке өзі әрекет етуге; өзі үлгі көрсетуге және бағыныстылардан сергектік пен төзімділікті, мінсіз мінез-құлықты талап етуге, заңнаманы, әскери антты, жалпыәскери жарғыларды, өзінің қызметтік міндеттері мен бұйрықтарды нақты орындауға; танытқан дұрыс бастамасы, ынта-жігері, ерлігі және қызметте ерекшеленгені үшін бағыныстыларды көтермелеуге, әділетті болуға және әскери тәртіпті бұзушыларды қатаң жазалауға тиіс.
Сабақтар, жұмыстар немесе қызметтік істердің басқа да іс-шаралары басталар алдында командир ол үшін қауіпсіздік жағдайларының жасалғанына және қамтамасыз етілгеніне, оларға жеткізілген қауіпсіздік талаптарын бағыныстылардың меңгергеніне және оларды орындауда жеткілікті практикалық машықтанғанына өзі көз жеткізуге міндетті.
Командирдің (бастықтың) жеке құрамның қаза табуы мен жарақаттануын болдырмау жөнінде қабылдаған шаралары жауынгерлік міндеттерді орындауды бұзуға әкеп соқтырмауға тиіс.
Командир (бастық) бағынысты бөлімде (бөлімшеде) жарғылық ішкі тәртіпті қамтамасыз етуге штабтың және бағынысты командирлердің (бастықтардың) қызметін барлық әскери қызметшілердің жалпыәскери жарғылардың талаптарын зерделеуін және орындауын ұйымдастыруға бағыттауға әскери қалашықтағы бөлімшелердің және үй-жайлардағы әскери қызметшілердің дұрыс орналасуын ұйымдастыруға әскери бөлімнің күнделікті қызметінде уақыттың мақсатты бөлінуін көздеуге, жеке құрамды тәуліктік нарядта қызмет өткеруге жан-жақты даярлауды жүргізуге, ішкі қызметті өткеруге бақылауды ұйымдастыруға, қарауылдарды тексеруге жеке өзі қатысуға, тәуліктік наряд қызметінің жай-күйін жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеуге, әскери қызметшілерге келу, мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шығу тәртібі мен өткізу режимін белгілеуге және оның сақталуын талап етуге, паркте, полигонда және бөлімше уақытша болатын басқа да орындарда жарғылық ішкі тәртіпті ұйымдастыруға және сақтауға міндетті.
Командир (бастық) қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды ақаусыз жай-күйде және күтіп ұстауға, техникалық, материалдық, медициналық, қаржылық, әлеуметтік-құқықтық және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, әскери бөлімге (бөлімшеге) келіп түскен қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдауды және іске қосуды ұйымдастыруға, жеке құрамның оларды қабылдауға және пайдалануға әзірлігін жеке өзі тексеругe, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды жоспарлауға, олардың техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, бұзылулардан, оқиғалардан, апаттар мен авариялардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне гарнизондар шегінен тыс рейстерге шығар алдында жеке өзі нұсқаулар беруге, қару-жарақ пен әскери техниканы есепке алуды және сақталуын ұйымдастыруға, материалдық құралдарды алуды, сақтауды және есепке алуды, оларды жеткізуді және бағыныстыларға беруді уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, әскери мүлікті жоғалтуды, жетіспеушілігін, бүлдіруді және ұрлауды болдырмауға, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға, жеке құрамға тиесілі ақшалай және басқа да жабдықталым түрлерін толық жеткізуді қамтамасыз етуге, материалдық және ақшалай қаражатты үнемді және мақсатты жұмсауға, қаржылық тәртіпті (барлық әскери бөлімдер (корабльдер), мекемелер мен лауазымды адамдар үшін міндетті қаржылық қызметті жүзеге асыру тәртібін) сақтауға, штаттық тәртіпті (әскери бөлімнің (корабльдің), мекеменің жеке құрамын орналастыру, штат бойынша лауазымға тағайындау және лауазымдық міндеттерін орындау тәртібін) сақтауға, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде шаралар қабылдауға, жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіруге, бағыныстыларға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту туралы ұдайы қамқорлық жасауға, әскери шаруашылықты ұйымдастыруға және штаб, өзінің орынбасарлары, әскер тектері мен қызметтер бастықтары арқылы оған жеке өзі басшылық жасауға, әскери бөлімнің (бөлімшенің) әрекет етуі ауданында қоршаған ортаны және экологияны қорғау, бекітіліп берілген жер учаскелерін мақсатты және ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Командир (бастық) өзінің кәсіби даярлығын және әскери бөлімді (бөлімшені) басқару әдістерін жетілдіруге өзінің әскери, педагогикалық және құқықтық білімін арттыруға, өзінің қызметтік істеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, жалпыәскери жарғылардың ережелерін білуге, оларға сәйкес әрекет етуге және бағыныстылардан олардың сақталуын талап етуге, қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды жауынгерлік қолдану, пайдалану, жөндеу және эвакуациялау тәртібін білуге, өзінің және бағыныстылардың бойында мақсаткерлікті, жеке жауаптылықты, іскерлікті, алдын ала болжау және сақтық сезімін қалыптастыруға, өз жұмысының нәтижелеріне сын көзбен қарауға, жеке құраммен үздіксіз байланысты орнатуға, жұмыста бағыныстылардың ұсыныстарын ескеруге, олардың арасында жұмысты және міндеттерді білікті бөлуге, бұйрықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, берілген құқықтар шегінде жеке өзі, мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпорындардың, ұйымдардың ұжымдарымен, соғыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасай, әскери бөлімнің (бөлімшенің) дәстүрлерін сақтай және арттыра отырып әрекет етуге. Осы мақсатта оларға ардагерлерді, халықты, оның ішінде жастарды, қоғамдық өкілдерді және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін шақырумен жиналыстар, кездесулер, әскери жоралғылар, спорттық, мәдени және басқа да іс-шараларды өткізуге, дара басшылықты барынша нығайтуға, офицерлер мен сержанттар құрамдарына жүгінуге, олармен бірлесіп, жеке құрамның барлық күш-жігерін қойылған міндеттерді орындауға бағыттауға, жеке құрам мен бағынысты бөлімшелер арасында сайыстар ұйымдастыруға, әскери қызметшілерді әскери бөлім (бөлімше) шешетін міндеттерді орындауға жұмылдыру мақсатында оларға басшылық жасауға; бағыныстылармен жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін, ішкі тәртіпті ұстауды жүйелі түрде қорытындылауға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға, әскери қызметшілердің жалпы жиналыстарында тіршілік әрекетінің және тұрмыс мәселелерін ұдайы қарауға, оларда пысықталған ұсыныстарды әскери бөлімнің (бөлімшенің) тиісті міндеттерін шешу кезінде ескеруге міндетті.
Командир (бастық) кадрлармен білікті жұмыс істеуге жеке құрамды олармен жеке өзі қарым-қатынас жасау жолымен және мінездеме беретін құжаттар бойынша жан-жақты зерделеуге, бағыныстылардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, оларды тәрбиелеумен күнделікті айналысуға, оған өз орынбасарларын, әскер тектері мен қызметтер бастықтарын тарта отырып, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, әскерге шақыру бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді (бұдан әрі — келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) іріктеуді, орналастыруды және аттестаттауды жүзеге асыруға, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, жоғары әскери лауазымдарға жоғарылату, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге басшылық жасауға, әскери қызметшілерді белгіленген ауыстырулардың жариялылығын қамтамасыз етуге, кадрлар резерві мен тәжірибелі және жас кадрларды үйлестіру жолымен басшылық жасауды сабақтастыру үшін жағдайлар жасауға, өз бағыныстыларымен жеке өзі әңгімелесулер жүргізуге, жетістіктері мен танытқан дұрыс бастамасы, ынта-жігері мен қызметте ерекшеленгені үшін бағыныстыларды көтермелеуге, әскери қызметші жаңа қызмет орнына кеткен кезде әскери қызметшінің кеткені туралы және оның келу мерзімдері туралы тағайындау орнына уақтылы хабарлауға. Уақтылы келмеген жағдайларда әскери полиция органдарына хабарлауға міндетті.
Одан басқа, әскери бөлімнің командирі айына бір реттен жиі емес күн тәртібінде белгіленген уақытта әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жеке мәселелері бойынша, ерекше жағдайларда және басқа да уақытта азаматтарды, ал бөлімше командирі — өз бағыныстыларын жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік қызметтен, тәуліктік нарядтағы міндеттерін орындаудан және сабақтардан бос уақытында қабылдауға, әскери қызметшілердің отбасылармен жұмысты ұйымдастыруға тиіс.
Командир (бастық) өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстарға басшылық жасауға міндеттерді айқындауға, ғылыми, өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстардың жоспарларын орындауды ұйымдастыруға және бақылауға, олардың материалдық-техникалық тұрғыдан орындалуын қамтамасыз етуге; әскери қызметшілердің шығармашылығын әскери бөлім (бөлімше) алдында тұрған міндеттерді шешуге бағыттауға, ғылыми, өнертапқыштық, рационализаторлық және спорттық жұмыстарға жеке өзі қатысуға, озық тәжірибені зерделеуге, жинақтауға және таратуға, конференциялар, кеңестер, байқаулар, көрмелер мен спорттық сайыстар, ойындар өткізуді ұйымдастыруға және оларға қатысуға, үздік шығармашылық және спорттық нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілерді көтермелеуге міндетті.
— Лауазымға кірісу тәртібі әскери қызметтің қоғамда мәртебесін көтере ме?
Жаңадан тағайындалған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирін үлкен командир (бастық) әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамына таныстырады.
Үлкен командирдің (бастықтың) тиісті актіні бекітуі істері мен лауазымын қабылдау (тапсыру) аяқталды деп саналады. Актіні белгіленген тәртіппен уақтылы бекітпегені үшін үлкен командир (бастық) жауаптылықта болады.
Одан басқа, істері мен лауазымын қабылдау және тапсыру үшін үлкен командирдің (бастықтың) бұйрығымен комиссия тағайындалады, ол әскери бөлімнің жалпы жай-күйін, жеке Жауынгерлік Тудың, қару-жарақ пен әскери техниканың, оқ-дәрілердің бар болуы мен жай-күйін, оларды есепке алуды, сондай-ақ жеке әскери бөлімнің әскери және қаржы шаруашылығын тексереді және актілер жасайды.
Істері мен лауазымын қабылдау, тапсыру туралы актіде: әскери бөлімнің тізімдік және бар құрамы; жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының, оқу материалдық-техникалық базаның жай-күйі; жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі; құпия құжаттардың бар болуы көрсетіледі.
Қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды қабылдау, тапсыру туралы актіде: штат бойынша тиесілі, құжаттар бойынша есептегі саны, нақты бар болуы, сапалық және техникалық жай-күйі, күтіп-ұстау және сақтау жағдайлары көрсетіледі.
Әскери және қаржы шаруашылығын қабылдау, тапсыру туралы актіде: ғимараттардың, құрылыстардың пәтер-тұрмыстық жағдайлары, мүкәммал мен жабдықтың бар болуы мен жай-күйі; жанармай және жағармай материалдарының, азық-түліктің, заттай, техникалық мүлік пен ағымдағы жабдықталымдағы және жұмсалмайтын қордағы материалдық құралдардың, ақшалай қаражаттың бар болуы, жай-күйі, жұмсау заңдылығы, есепке алу мен сақтау тәртібі көрсетіледі.
Актілерге қабылдайтын және тапсыратын командирлер, комиссия мүшелері қол қояды және үлкен командирге (бастыққа) бекітуге ұсынылады.
Бөлімше командирінің істері мен лауазымын қабылдауы үшін бөлімде комиссия тағайындалады.
Істері мен лауазымын қабылдағаны, тапсырғаны туралы бөлімше командирі команда бойынша әскери бөлім командиріне жазбаша баяндайды.
Лауазымды қабылдайтын адам баянатпен бірге бөлімшені қабылдағаны туралы актіні қоса ұсынады, онда, бөлімшенің тізімдік және бар саны, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жай-күйі, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери тәртіптің жай-күйі, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың бар болуы мен жай-күйі, әскери қызметшілердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларының жай-күйі көрсетіледі.
Актіні комиссия мүшелері, лауазымды қабылдайтын және тапсыратын адамдар жасайды және оған қол қояды, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бөлім командирі бекітеді.
Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.