Түркістан қаласының прокуратурасы мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша кезекті бірлескен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар қаланың бизнес өкілдері шақырылып, 15 жуық кәсіпкер қатысты.
Кездесуде жауапты лауазымды тұлғалардың осыған дейінгі жиналыстарда көтерілген кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалары бойынша есептері тыңдалып, жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қолдау көрсетудегі өзекті сұрақтары талқыланды.Атап айтқанда Түркістан қаласының индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қала аумағында стационарлық емес сауданы ұйымдастыру мәселелері бойынша қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары есеп берді.Сонымен қатар кездесу барысында мектеп асханаларында балаларды тамақтандырумен айналсатын кәсіпкерлердің проблемалары талқыланды.Қала прокуроры Ж.Ахметбек барлық көтерілген мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.