Түркістан қаласының прокуратурасы қару қолданып бұзақылық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1998ж.т. С.Тастанқұлға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол 05.06.2022ж. күндізгі уақытта қала аумағында «Мерседес Бенс 140» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып, бұзақылық ниетпен тергеу барысында анықталмаған травматикалық қарудан ішінде адамдар болған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігіне бағыттап бірнеше рет атып, осы автокөліктің терезесін сындырып, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.
Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен С.Тастанқұлдың іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (қару қолданып бұзақылық жасау) және 287-бабының 2-бөлігімен (жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және алып жүру) саралаған.Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.