Медігерлер жолды қайтып жөндеуден бас тартып отыр
Арыс қаласындағы Байдаулетов, Төлеби, Оңтаев көшелерінің жаяу жүргінші жолдарға тротуарлар салынып жатыр. Ертең табиғи газ жүргенде тағы сол тротуарлар бұзылып,миллиондаған қаржы желге ұшудың алдында. Осы тірліктерді үйыстырып, ұйымдастыратын қала басшылары халыққа, халык қаржысына жаны ашымай ма?
Сондай-ақ. Түркістан облысының жолаушылар жолдары көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолдарды күрделі жөндеуден өткізудің кезінде айналмалы жол қарастырмауы себебінен
» Көктем», » Көктем -2″ мөлтек аудадарының жолдары да ауыр жүк көліктері жүруі салдарынан бұзылып, талқандалған.
Бұл жолды мердігер кайта жөндеуден бас тартып отыр.
Арыста » Мен саларда сен салар, атқа жемді кім салар» деген жағдай орын алған. Мемлекеттің желге ұшқан қаржысына кім жауап береді?
Арыс ауданының әкімі Қадырбек Мұрат осы тірліктерді алдын алып қимылдаған болса мұндай келеңсіз жағдай орын алмас еді. » Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап» дегендей бүлінген нәрсені бүтіндеймін деп хат жазып, коммисия шақырырып, шапқылағаннан не тынады?
» Жаны ашымастың басы ауырмас» деген осы ғой.
Арыста абатандыру жұмыстары сын көтермейді. Көптеген көшелер айра- жайрасы шығып жатыр.
Іс көзін білмейтін әкімді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев те қызметінде ұзақ ұстай қоймас. Осы сынға облыс әкімі де мән берер деп ойлаймыз.
Бұрынғы қала әкмі болған марқұм болған Сейіт Ертайдың игі тірліктері карқын алып, жалғасын тауып жатпағаны өкінішті.