Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанаев Бауыржан Даулетханұлымен жергілікті полиция ұжымының тыныс-тіршілігі және де «Түркістан — қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында кең көлемді әңгіме жасадық.
— Бауыржан Даулетханұлы, полиция қызметкерлерінің басты мақсаты — ел тыныштығы, қала көркі мен қауіпсіздігін сақтау, халықтың береке-бірлігіне сыз түсірмей, елге қызмет ету деп ойлаймын. Осы орайда полиция қызметкерлерінің басты парызы туралы айта кетсеңіз?
— Полиция — әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет. Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау — бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.
Қадым заманнан бері, азаматтық ерлік пен жауынгерлік сияқты, қасиетті Түркістанның тыныштығы мен бейбіт өмірі ел сақшысы — полиция қызметкерлерінің қолында. Оның дәлелі, елге қауіп төндірген «Қаңтар оқиғасы» кезінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде, қала аумағында жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылықтың алдын алып, қоғамдық-саяси ахуалдың шиеленісуіне жол берілген жоқ. Түркістанның төрт бұрышын бүлікшілерге бүлдіртпей, дос-дұшпанға күлкі етпей, сақтап қалды. Бұл да біздің полиция қызметкерлерінің ерлігі деп те атап айтуға болады.
— Бауыржан Даулетханұлы, Түркістанды рухани, қауіпсіз қалаға айналдыру жолында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр екенсіздер. Осы жайында кең көлемді әңгімелеп берсеңіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткендей, «Түркістан еліміздің Рухани — тарихи елордасы деген атағына лайықты болуға, Түркістанды бірге қауіпсіз қалаға айналдыру басты мақсатыңыз туралы айта кетсеңіз.
— Полиция қызметкерлерінің қай-қайсысы да елге тұтқа, жапа шеккенге пана, есесі кеткеннің еңсесін тіктеуші, қорғаушысы.
Қаз дауысты Қазыбек бидің тілімен айтқанда «Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп», — күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүргендерін ел-жұрт жақсы біледі.
Рухани астанамыз Түркістан қаласын «Рухани, қауіпсіз қалаға» айналдыру жолындағы басты мақсатымыз — құқық бұзушылыққа жол бермеу және алдын алу.
— Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала аумағында құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары мен «Түркістан — қауіпсіз қала» бағдарламасының орындалуы мақсатында қандай іс-шаралар атқарылды?
Ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін, Түркістан қаласы аумағында жалпы 758 (2021 ж — 735) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен күнделікті қала аумағында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 232-ден 231-ге төмендеді.
Сонымен қатар, барлық аса ауыр және ауыр қылмыстар 290-нан 256-ға, оның ішінде, ауыр қылмыстар 274-тен 248-ге, ал аса ауыр қылмыстар 16-дан 8-ге төмендеген.
Қасақана кісі өлтіру, зорлау қылмысы, қарақшылық қылмысы, тонау қылмысы, ұрлық қылмысы, қорқытып алу қылмысы, отбасы-тұрмыстық қатынас аясында жасалған қылмыстар төмендегенін атап айтуға болады.
Яғни, күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасаған үшін 402 (2021ж-288) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасына 363 (2021ж-301) тұлға, сот арқылы ерекше талап қойылғандар 47 (2021ж-41) тұлға Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен бақылау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдың 9 айында жалпы 62 996 (2021ж-62738) әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде қоғамдық саласы (нөлдік төзімділік) бойынша 12 168 (2021ж-12390) әкімшілік хаттама толтырылды.
Жол қозғалыс ережелері бойынша жалпы 50 828 (2021ж-50348) құқық бұзушылықтар анықталып, яғни +0,9 пайызға жоғары.
Салынған айыппұлдар сомасы 449 527 110 (2021ж-449 127 527) теңге салынса, оның 270 477 088 (2021ж-269 003 048) теңгесі өндіріліп, яғни өндірілу пайызы 60,1 пайызды құрап отыр.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар төмендеген.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында, прокуратура, қалалық әкімшілік, білім бөлімімен бірлесіп, «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шаралары өткізілді. Сондай-ақ түнгі рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде.
Нәтижесінде, 935 (2021ж-930) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілді.
Ювеналды полиция тобының кызметкерлерімен 2022 жылдың 09 айында Полиция басқармасына 995 жасөспірім жеткізіліп, олардың ішінде 135 жасөспірім, 60 жайсыз отбасы Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен күнделікті профилактикалық жұмыстар аткарылуда.
Дегенмен, біршама кемшіліктермен жұмыс жасауымызға тура келіп тұр.
Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұзақылық қылмысы, масаң күйде жасалған қылмыстары өсіп отыр. Себебі, қылмыстардың көп бөлігі масаң күйде жасалғандықтан, оның алдын-алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда орындарда алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқандары үшін 56 (2021ж-35) тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабында (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) көрсетілген талаптарды бүзағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның салдарынан, қазіргі таңда көптеген сауда орындары заңмен белгіленген тәртіпте алкоголь өнідмерін өткізуде, яғни сағат 23:00-ден келесі күнгі 08-00 дейінгі аралықта, ал этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу тәртібі орнатылуда.
Ол дегеніміз мас халде жасалған қылмыстардың масаң күйде және түнгі уақытта спирттік ішімдіктерге қол жетімділігін қысқарта алдық.
Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жалпы 1145 (2021ж-1120) құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағытта профилактикалық жүмыстар жалғасуда.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлерімен өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында, яғни қала аудан тұрғындарымен тұрмыстық қалдықтарды қоғамдық жерлерге, жол шеттеріне шығарып тастауға тиым салынғанды туралы үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) анықталған құқық бұзушылықтар саны 4795 (2021ж-4053) әкімшілік шара көрілді.
Қала аумағында қылмыстың алдын алу, оның жолын болдырмау және «Түркістан — қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өзімнің ұсынысыммен Түркістан қалалық прокуратура және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе, Түркістан қаласының «Ақсақалдар кеңесі», «Спорт шеберлері», «Құқық бұзушылыққа бейім оқушылар», «Бұрын сотты болғандар», «Кәсіпкерлер», «Автобус жүргізушілері», «6-шы Сектор», «қала белсенділерімен» және кездесулер өткізілді.
Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінде жыл басынан бері, аптаның әр жұма, сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз, Түркістан облысы аудандарының ұйымдастырумен 59 концерттік және Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен, Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінің «Шоу Арена» залында барлығы 14 «Гала» концерттік іс- шаралары өткізіліп отырды.
Бұдан белек, Түркістан Арена спорттық комплексінде жыл басынан бері, аптаның сенбі және жексенбі күндері, Қазақстан Республикасы «Футбол» командалары арасында 25-рет жоғары лига ойындары, 1-рет «Вело марафон», 2-рет «Триатлон», 2-рет «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысы және «Алаш Прайд» ережесіз жекпе-жек спорттық іс шарасы және күзетілетін тұлғалардың қаламызға іс-сапармен келіп кетуі кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамассыз етуде атқарылған жұмыстары нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмеді.
Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен-«бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 — рет өткізіліп, өз жалғасын табуда.
Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала көлемінде қылмыстық (Алаяқтық, интернет алаяқтық, ұрлық, тонау және т.б) қүқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында билборттар, брошюралар, ескертпе парақтары таратылды, телеарна және әлеуметтік (фэйсбук, инстаграмм) желілері арқылы бейне роликтер кеңінен жариялымға шығуда.
Былтырғы жылы, Түркістан қаласы Полиция басқармасының штаттық бірлігі 307 қызметкерді құраса, ағымдағы жылдың екінші жартысында қосымша 195 штаттық бірлік, яғни 145 патрульдік полиция батальонына және 50 учаскелік полиция инспекторларына берілді.
Барлығы 502 қызметкер болса, оның ішінде саптық қатарда жүргендер саны 340, ал бос лауазымдар саны 162. Аталған штаттық бірліктерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Басқармада жалпы 68 арнайы қызметтік автокөліктер болса, оның 27-сі биыл берілген жаңа автокөліктермен қамтылған.
Атап айтар болсақ, (ППБ-25; УПИ-21; ЮПТ-4; ӘПБ-3; Кезекші бөлім-4; Өзге қызметте-9).
Патрульдік полиция батальонында күндізгі ауысымға 12 бағыт, ал түнгі ауысымға 10 бағытта қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағында 9 учаскелік әкімшілік аймаққа бөлінген, оның 8 учаскелік тірек пункті бар, яғни қосымша 8 учаскелік тірек пунктін салуға және барлық учаскелік тірек пунктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сәйкестендіруді қажет етеді.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 33 жалпы орта мектебі, Н.Назарбаев атындағы республикалық инновациялық және Түркістан облысына қарасты «Дарын» мектептептеріндегі бейнебақылау камералары Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Онымен қоса, 20 зияткерлік бастауыш мектептерінің бейне камераларын, жедел басқару орталығына «интеграциялау» қосылуын және барлық білім беру мекемелерін «Мамандандырылған күзет» қызметкерлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Қала көлемінде соқыр аймақтарға (слепой зона) қосымша 700 дана «Сергек» бақылау бейнекамераларын орнату да басты мақсатымыз.
Көп қабатты жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерге кодталған құлыптар, домофон, мектеп алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта (пешеходный переходта) рефлекторы бар (отражающий) оқушылар макеттерін қоюға қала әкімдігіне сұраныс хат жолдадық.
Алдағы уақытта, Түркістан қаласы Полиция басқармасы моральдық және іскерлік қабілеттігін жоғары деңгейде көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар қылмысқа қарсы күресте алдына қойылған кез келген міндеттерді абыроймен атқаруды басты парызымыз деп санап отырмын.
— Қоғамымызда маскүнемдік, нашақорлық, ішімдік ішу қауіпті дертке айналды. Заңда қатайды. Дегенмен бұл дерт түп тамырымен жойылып кеткен жоқ. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл келеңсіз құбылыспен табанды күресіп жатқан да болар? Осы жайында жан-жақты әңгімелеп берсеңіз.
— Осы орайда қоғамда болып жатқан жағдайлармен байланыстырып, маскүнемдік пен ішімдікке салыну, көбінесе отбасылық жанжалдар тудырып, көптеген шаңырақтың шайқалуына себеп болған өзекті мәселелерге тоқтап өтсем деймін.
Мәселен, жыл басынан бері Түркістан ҚПБ-ның «102» сым тетігіне «Отбасылық жанжал» санатында — 580 шақырту түсіп, оның 359-ы алкогольдік ішімдік ішкендермен жасалған. Оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) — 354 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Осындай, «Отбасылық жанжалдардың» ақыр соңы орта, ауыр жене аса ауыр санатындағы қылмыстардың жасалуына да алып келеді.
Алкогольдік ішімдіктің салдары тек әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаумен шектелмей, осы жылдың өзінде, ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық), ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), ҚР ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), ҚР ҚК-нің 99- бабы (Адам өлтіру), ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау- бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, ҚР ҚК-нің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)-қылмыстық қүқық бұзушылықтар орын алса, оның 11-і алкогольді масаң күйде жасалған.
Осы орайда, полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық іс- шаралар аясында, маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрған тұлғаларға ғана емес, алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының қызметіне де бақылау жүйелі түрде күшейтілді. Жыл басынан бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабында көрсетілген (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі) талаптарын бұзу бойынша 56 — дерек және 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1116 — дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шара қолданылды.
Алкогольдік өнімдердің кесірі қоғамдағы тыныштықты бұзумен ғана шектелмей, көлік құралдарын да алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғаларының өсуіне себеп болатыны айдан анық. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көрсетілген (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруымен) 153 — дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуда.
(ҚР ҚК-нің 346-бабында көзделген (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару).
— Бауыржан Даулетханұлы, қазақ қоғамында өркімдей жастарымыздың қылмысқа баруы сізді де толғандырады деп ойлаймын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа жолдауында болашағымыз жастарға ерекше қамқорлықтар жасайтынын атап өтті. Осы орайда жастармен атқарылып жатқан жұмыстар жайында тоқтала кетсеңіз.
— Ел үміт артып отырған болашақ жастарымыздың білімді, тәрбиелі, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау, Президентіміз бастаған Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі қадам деп білеміз.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірі полиция генерал- лейтенанты Ахметжанов Марат Мұратұлы айтып өткендей: Жаңа Қазақстанның басты мақсаты — әділдік. Ал, Әбіш Кекілбаев ағамыз «Адалдықтан асқан құдіреттіліктің, әділеттіліктен асқан әулиеліктің болуы мүмкін бе», — деп айтып өткен. Осы екі тұрғыда әрбір азамат өз ісіне адал болса, міне осы нағыз Жаңа Қазақстан!
Бүгінгі күнде өрімдей жастарымыздың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді алаңдатып отырған жайы бар. Тәртібі қиын бала жас кезінде қылмыстың арты жаза екенін түсінбесе, есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімдігі арта беретіні белгілі. Бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
Қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Абайлаңыз балалар», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар ұдайы түрде өткізіліп келеді. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіші төмендеген.
Түркістан облыс орталығына айналғалы қаланың көркімен ғана емес, рухани істерімен ел назарын өзіне аударып, туристік орталыққа айналды. Күніне қала тұрғындарынан өзге түкпір-түкпірден ағылған туристер мен қала қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі Түркістан полициясының кіршіксіз қызметімен өлшенетіні жасырын емес. Қазақстан полициясы, қызмет көрсетудің «Сервистік» моделіне біртіңдеп көшіп жатқаны белгілі. Ол дегеніміз полиция тек қана жазалаушы орган емес, керісінше халыққа жақын болып, халықпен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінде жыл басынан бері, аптаның әр жұма, сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз, Түркістан облысы аудандарының ұйымдастырумен 59 концерттік және Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен, Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінің «Шоу Арена» залында барлығы 14 «Гала» концерттік іс- шаралары өткізіліп отырды.
Бұдан белек, Түркістан Арена спорттық комплексінде жыл басынан бері, аптаның сенбі және жексенбі күндері, Қазақстан Республикасы «Футбол» командалары арасында 24-рет жоғары лига ойындары, 1-рет «Вело марафон», 2-рет «Триатлон», 2-рет «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысы жене «Алаш Прайд» ережесіз жекпе-жек спорттық іс шарасы және күзетілетін тұлғалардың қаламызға іс-сапармен келіп кетуі кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамассыз етуде атқарылған жұмыстары нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмеді.
Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен- «бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 — рет өткізіліп, өз жалғасын табуда.
— Бауыржан Даулетханұлы, ағымдағы жылдың соңғы айларында Түркістан қаласы аумағында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бекітіліп, жоспарлы қандай іс-шаралар атқарылды?
Учаскелік полиция инспекторлары, сектор жетекшілерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтар бойынша түсіндіру және буклеттер тарату арқылы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, жалпы қылмыстар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төмендеген. Оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, көшелерде жасалған қылмыстар, отбасы тұрмыстық қатынастарда жасалатын, соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар төмендеген. Жасөспірімдермен жасалған тұрақтанды.
Mac хәлде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында көшелер мен қоғамдық орындарда жүргізілген іс-шаралар барысында, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, Әкімшілік кодекстің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1269 (2021ж — 1255) құқық бұзушылықтар анықталды.
Соның ішінде қайта құқық бұзушылық жасаған 27 тұлғаға сотпен алкоголь ішуге шектеулер орнатылып, ішімдікті шектен тыс қолданатын 6 тұлға сот шешімімен мәжбүрлеп емдеуге орналастырылды.
Осы орайда айта кетері, кейбір кәсіпкерлер өз пайдасын ойлап, алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, спирттік ішімдектерді сатуды жалғастыруда.
Мысалы; жыл басынан 66 (2021ж — 47) жеке кәсіпкер Әкімшілік кодексінің 200-бабы (түңгі мезгілде спирттік ішімдік сату) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Отбасы-тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, келіп түскен хабарламаларға талдау жасалып, олардың қайта жасалуын болдырмауға профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 457 (2021ж-400) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 395 (2021ж-334) тұлға қорғау нұсқамасы шығарылып, 49 (2021ж-48) тұлға сот арқылы ерекше талап орнатылып профилактикалық есепке алынды.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде 69 мың 521 (2021 ж — 69328) құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде;
Қоғамдық сала бойынша -13 211, жол қауіпсіздігі саласы бойынша -56310 хаттама толтырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынып, 313 мил 742 мың 498 теңгесі өндірілді.
Қаламыздың тазалығы сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылдың 10 ай 7 күнінде, ортақ пайдаланылатын көшелерде, саябақтар мен алеяларда белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, Әкімшілік кодекстің 434-2 бабында (Ортаң пайдаланылатын орындарды ластау) көзделген талаптар бойынша 5281 (2021 ж- 4958) құқық бұзушылар анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты жалпы 83.612.241 теңге айыппұл салынса, қазіргі таңда оның 40 мил 806 мың 121 теңгесі өндірілген.
Сонымен қатар, қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 953 тұлға, Әкімшілік кодекстің 505 бабында көзделген талаптар бойынша жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты жалпы 1.638.705 теңге айыппұл салынса оның 1 мил 200 мың 355 теңгесі өндірілген.
Өнбеген айыппұлдар бойынша, «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде.
Онда, сот орындаушылармен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіруге бағытталған шаралар қолданылып, учаскелік инспекторлармен тиісті «ескертпе» парақтары таратылуда.
Түркістан қалалық Полиция басқармасымен қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен қылмыстылықтың алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар атқарылуда.
Тартымды, ашық-жарқын әңгімеңіз үшін рахмет!
Сұқбатты жүргізген Балтабек Түйетаев,«Еркін Ой» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР «Ақпарат саласының үздігі».