Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының пробация қызметі мен полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары бірлескен жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.

Рейдтік іс-шараның мақсаты – пробациялық есепте тұрған адамдардың қайтадан қылмыс жасауының алдын алу, оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

​Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, олармен профилактикалық сұхбаттар өткізілді және жаза өтеу шарттары түсіндірілді.

Мағыналас іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.