Түркістан полицейлері уақытпен санаспай қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Мәселен, қалалық полиция басқармасы бастығының бастамасымен, жеке құрам қызметкерлерінің қолдауы арқылы, кезекті отбасына қайырымдылық жасалды.
Аудандық тәртіп сақшылары 3 баланы өсіріп отырған Әлия Пакентаеваның үйіне арнайы барды. Күйеуі қайтыс болып, бар ауыртпалық өзіне түскен ананың қал-жағдайын біліп, аталған жанұяға күнделікті қажетті азық-түлік апарып берді.
Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлердің ізгі амалына риза болып, қызметтеріне табыс тіледі. «Арыстық полицейлер, қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын. Сіздердей қамқор, қорған болатын полицейлердің барына қуанамыз. Жұмыстарыңызға сәттілік. Осылай халықты қолдарыңыздан келгенше қуантып, тек алғысын алып жүре беріңіздер!»,- деді Ә.Пакентаева.