Кәмілетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың имандылықпен салауатты өмір салтының берік негіздерін дарытуға бағытталған іс-шаралар.
Түркістан облысы дін істері басқармасының келісімімен және Түркістан қаласы әкімдігімен Түркістан қаласы көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық – түсіндіру тобының (АТТ) 2022 жылдың екінші жартыжылдығына арналған кездесулер жоспары аясында
Қыркүйек айында Түркістан қаласы бойынша 6 білім беру мекемесінде ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді.
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі
Ш.Ниязов атындағы жалпы ортма мектебі
Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебтерінде
ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
2022 жылдың 21-қыркүйек күні
№8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі
№12 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебі
№13 Ә.Науаи атындағы жалпы орма мектебі
2022 жылдың 21-қыркүйек күні
№6 М.Мәметова мектебі
№9 Некрасов мектебі
№7 С.Ерубаев мектебі
№17 Ататүрік мектебі
№16 Т.Бигелдинов мектебі
Мектептермен коледждерде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың (жыныстық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицидке бейімділік, қорқытып алушылық және т.б) алдын алу мақсатында кешенді анонимдік сауалнамалар жүргізу
Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес, а.ж 13 қыркүйегі күні Түркістан қаласындағы ОАОО студент жастары арасында Нашақорлықтың алдын алу бойынша А.Ясауи кәсіби колледжі студенттеріне психолог Бибігүл Ерланқызының қатысуымен жасөспірімдерге дөңгелек үстел өткізді.
Әңгіме барысында жастар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Әңгіме өз деңгейінде өтіп, жастар өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Болашақта жастармен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жоспарлануда.
Басқосу соңы пікір алмасуға ұласып, ашық форматта жалғасты. Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес, а.ж 14 қыркүйегі күні Түркістан қаласындағы ОАОО студент жастары арасында Нашақорлықтың алдын алу бойынша А.Ясауи кәсіби колледжі студенттеріне психолог Бибігүл Ерланқызының қатысуымен жасөспірімдерге дөңгелек үстел өткізді.
Әңгіме барысында жастар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Әңгіме өз деңгейінде өтіп, жастар өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Болашақта жастармен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жоспарлануда.
Басқосу соңы пікір алмасуға ұласып, ашық форматта жалғасты.
Сауалнама негізінде
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.Біздің мектебімізде оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету бар ма? Оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі.Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады.
Шешім: Жасөспірімдер арасында зорлық –зомбылық пен күш көрсетудің алдын алу мақсатында тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілсін.
Және де биыл Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаевтың мәлімдеуінше, қалада «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қылмыстар саны төмендеген. Мәселен, «Керуен сарай» сауда әрі ойын-сауық кешенінің басшылығымен және «Бірлік» мөлтек ауданындағы кафе иелерімен кездесіп, қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісімге келген. Сервистік полиция моделін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп, рейдтер ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар өз жемісін беруде.
– Түркістан шаһарында тұрғындармен ашық әрі тығыз байланыс орнату, «сервистік полиция» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жұмыстары күшейтіле түсті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрақтылықты ту ету басты орынға шықты. Шаһарда «Азаматтарға арналған қабылдау» фронт-кеңсесі жұмыс істеп тұр. Жаңа орталықтың ашылуы арқылы полиция қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кеңес беріп, жаңа форматта жұмыс істеуде. Соның бірі – арыз, шағымдарды бейнежазу арқылы қабылдау. Арнайы техникамен жарақталған бөлме бар, сол жерде шағымданушының сөзін, айғақ заттарын таспаға басып алуға болады. Бұл өз кезегінде іс қағаздарының бұрмаланбауына әсер ететін бірден-бір фактор, — деп атап өтті қаланың бас полицейі.
Аталмыш форумға спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, медиаэксперт, журналист Өркен Кенжебек, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде келді.
Сахна төріне шыққан спикерлер рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету төңірегінде өздерінің пікірлерін жеткізіп, көрермендермен пікір алмасты.
Форум соңында Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы тұрғындарды қоғам тыныштығын бірлесе қамтамасыз етуге шақырды.
– Түркістан – руханият орталығы әрі қауіпсіз қала. Біз осы ұстанымды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Бұл ретте, киелі шаһардың тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттер мен Президент, министрлік тапсырмаларын бұлжытпай орындауға күш салып келеді. Біз үшін басты құндылық – адам мен оның құқығы. Барша әріптестерімізді, Түркістан тұрғындарын бізбен бірлесе жұмыс істеп, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге шақырамын. Қоғам мен мемлекеттік мекемелер өзара үйлесімді байланыс орнатса ғана мемлекетіміз дамиды! – деді қорытынды сөзінде Б. Жанаев.
Айта кетсек, бүгінде Түркістан қаласының Полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етуде, оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспекторлары қоғам тыныштығына үлес қосуда.