Сіз бен біз пайдаланып жүрген кейбір кір жуғыш ұнтақтар жасанды болып шықты
Түркістан қаласында жасырын цех ашып, кір жуғыш ұнтақтарды өңдеген 4 азаматты анықтадық. Біреуі Өзбекстан, үшеуі қала тұрғыны.
Олар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған.
Айғақты зат ретінде электронды таразылар, тығыздағыш машиналар мен салмағы 8 тоннадан астам жасанды ұнтақ алынды.
ҚР ҚК 222-бабы бойынша тіркеп, материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдадық.
Осындай контрафактілік жайттарды анықтап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың жолын кесу жалғасады.
Полиция саласындағы жедел уәкіл қызметі қауіп-қатермен тікелей байланысты. Қылмысты ашуда бірінші болып әрекет жасайтын, қылмыскерді анықтап, ізіне түсіп, құрықтайтын тап осы қызметкерлер.
Сондықтан болар өз арамызда «жедел уәкілдер- нағыз жігіттер» деп айтып жүреміз. Яғни шыныққан шымырлар осы салада қызмет етуде.
Өкініштісі, талай мықты мамандарымыз қаруланған қылмыскерлерді ұстауда жарақаттанып, өмірімен қоштасты. Қылмысты ашамын деп барын салып, қызметін атқару кезінде қаза тапты…
Сонымен қатар, Түркістан қаласында мереке қарсаңында оқыс-оқиғалардың алдын алу мақсатында заңсыз жолмен сатылып жатқан пиротехникалық заттарға қарсы рейдтік шара жүргізілмек.
Тиісті талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге қатаң түрде шара қолданылатын болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі баспасөз жиынында мәлімдеді. Ол пиротехникалық заттар сататын азаматтарға тиісті талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.
«Алдағы күндері Түркістан облысының Полиция департаментімен бірлесіп ірі сауда орындарына рейдтік іс-шараларды жүргізілетінін хабарлаймын. Пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге айыппұл салуға әкімшілік іс қозғалып, пиротехникалық заттарды тәркілеуге алады», — деді басқарма басшысы.
Өткен жылы жалпы 82 рет рейд жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалып, жалпы соммасы 283 625 теңгеге айыппұл салынған. Сондай-ақ, жалпы 2520 дана пиротехникалық заттар тәркілеуге алынған. Сонымен қатар Б.Запаров жылыту мауысымысы кезінде қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.
Жылыту маусымында орын алған жағдайларды ескеріп, биылғы жылы жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу жұмыстары жаз мезгілінен бастап жүргізілгенін хабарлады. Облысымыздың көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл әкімдіктен 320 млн. 715 мың 945 теңгеге 34 389 үйге газосигнализатор орнатуға қаржы көзі қарастырылған болатын. Бүгінгі күнге 30 мыңннан астам үйлерге осы қондырғылар орнатылды.
Түркістан қаласында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жүйелі іске асып жатыр. Бұл ретте, шаһарда түрлі қылмыстар жедел ашылуда.
Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындаған жасырын цех анықталып, оның қызметіне тосқауыл қойылды.
Бұл жайт ҚР ҚК 222-бабы 1-бөлігі “Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану” бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.
Нәтижесінде полицейлер 4 ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және 1 Өзбекстан азаматы.
Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде, 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы 8 тоннадан асты.
Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни “Ariel”, “Миф”, “Tide” және “Persil” сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.