Жүргізушілер мен жолаушылар назарын үнемі жол қауіпсіздігіне аударуға тура келеді.
Ауа-райының қолайсыздығынан болып жатқан жағдайды ескеріп, Түркістан қаласының аумағында тұман мен нөсер жауынның жиі түсуіне байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Қаланың кейбір аумақтарында жүргізушілердің ережені сақтамауы салдарынан маңызды жолдарда көліктердің апатқа ұшырауына әкеп соғуда. Ал тұман жүргізушілердің жолда жүруі мен көру қабілетіне кедергі келтіруде.
Сондықтан жолда барынша сақ болуларыңызды керек.
Түркістан қалалық полицейлеріне жүргізушілерді ескертіп, жолдағы апаттың алдын алу мен жолдарды патрульдеу бойынша тапсырмалар берілді.
Түркістан қаласында жолдардың қауіпсіздік жағдайы – басты назарда. Жыл басынан бері қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғалары санының – 3,5 пайызға, олардың салдарынан қаза болғандардың саны – 7,8% пайызға төмендеген. Жол апатын азайту бойынша жасалып жатқан жұмыстар баршылық.
Түркістан қаласы республикада бірінші болып жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141 бірлікке дейін ұлғайтылып, қалалық маңызы бар жолдарға 26 бірлік орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Патрульдік автомобильдерінде орнатылған жылдамдық режимін автоматты тіркеудің бес мобильді «Кибер-Шериф» кешені іске қосылды. Олармен 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Жыл басынан бастап полиция департаменті қаланың көше-жол желісіне 3 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 11 583 ақау анықталды, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша 3 253 нұсқама берілді (3 172 нұсқама бойынша кемшіліктер жойылды).
Түркістан қаласындағы жолдарда көктайғақтың алдын алуға қажетті инертті материалдар толық аудан, қалалардағы қоймаларға тасымалданып, жинақталды. Жүзден астам арнайы техника жасақталған. Автомобиль жолдарының жай-күйін күнделікті бақылау күшейтілген. Қыс айларында автомобиль жолдарында автокөліктердің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары облыс басшылығы тарапанан қатаң бақылауда.
Түркістан қаласы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жол-көлік апаты мен сақтандыру төлемдерін рәсімдеудің оңайлатылған тәртібі енгізгелі жатқанын жазды, деп жазады zakon.kz. «Енді қазақстандықтар сақтандыру оқиғасын полицияның қатысуынсыз реттей алады және сақтандыру төлемдерін сотқа жүгінбей-ақ ала алады. Барлық үдеріс мобильді қосымша арқылы жүргізіледі», — дейді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Министр бұған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануы ықпал еткенін атап өтті.
Алайда мынадай талаптар сақталуы қажет: жол-көлік оқиғасында жәбірленушілер болмауы тиіс және тек екі көліктің қатысуы; жол-көлік оқиғасына қатысқан автомобильдер ғана зақымдалған болуы тиіс; жол-көлік оқиғасына жәбір көрген азамат мен кінәлі тұлға туралы ақпарат қолданыстағы полистерге жазылуы тиіс; келтірілген залал сақтандыру төлемінің ең жоғары сомасынан аспауы тиіс; жәбірленуші мен ЖКО кінәлі адам жол-патрульдік полиция қызметкерлерін шақырмай, жол-көлік оқиғасын рәсімдеуге және еурохаттамаға қол қоюға өзара келісуі тиіс.
Министрдің сөзінше, бұл жаңашылдық жүргізушілерге уақытын үнемдеуге және түрлі мекемелерді араламай-ақ мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді. «ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға қолайлы және тиімді жағдай жасау үшін 2023 жылы еурохаттама бойынша рәсімдеу жүйесіне көшуге дайындық іс-шараларын жүргізіп жатыр», — дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. ТЕГТЕР