Киелі Түраістан шаһарымызға келіп кетуші әр қонаққа құрметіміз ерекше. Полиция олардың өмір қауіпсіздігі мен заңды құқықтарын қамтамасыз етуде үздіксіз жұмыс істейді.
Сәйкесінше, қонақтарымыз да Қазақстан Республикасының заңдары мен елге келу, кету және болу ережелерін сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда заң алдында жауапкершілікке тартылатынан ескертіледі.
Полиция қызметкерлері мегаполис аумағындағы заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылардың жолын кесу, шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету және заңсыз келген, осында тұрып жатқан шетел азаматтарын анықтау мақсатында үздіксіз рейдтік іс-шаралар өткізіп отырады.
Өйткені, қаламызға уақытша тұрақтаушы шетелдіктерден бөлек, еңбек ету мақсатында заңсыз келетін азаматтар да бар. Мәселен, жыл басынан бері атқарылған шаралар барысында заңсыз еңбек қызметімен айналысқан 559 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, оларды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 333 тұлға мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 56 азамат заң жүзінде жауапкершілік арқалады.
Мұндағы біздің мақсатымыз біреуді жұмысынан немесе нанынан айыру емес, қаламызда тәртіп орнату! Заңды түрде еңбек етсеңіз, сіздің адал табысыңызға ешкім ортақтаспайды. Ал, еңбек иммигранты ретінде рұқсат алу үшін төмендегі ережені орындаңыз.
«Еңбек ету үшін көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін Жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Еңбек иммигранты ретінде рұқсат алғаннан кейін, міндетті түрде уақытша болатын мекен-жайы бойынша ХҚКО-ы немесе Көші-қон қызметі бөлімдерінде уақытша тұру құжаттарын рәсімдеу қажет.
Еліміздің заңына құрмет көрсеткен қонақтарға, сәйкесінше ізет көрсетуге тәртіп сақшылар әрдайым дайын.