Түркістан қалалық құқық қорғау органдарының нәтижелі жұмыстары көп.

Түркістан қаласында құқық қорғау органдары мен қаладағы бизнес саласының өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиынға Түркістан қаласының прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан қаласы бойынша департаментінің, Түркістан қаласы Кәсіпкерлер палатасының, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік» корпорациясының «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалықфилиалының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бизнесті қорғау мен оның дамуына қолайлы жағдай жасау және мемлеттік сатып алу мәселелері баяндалды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін нақты айтқан болатын. Осы орайда, құқық қорғау органдарымен бірлесе келе кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ бизнестің өткір және маңызды мәселелерін шешудегі проблемаларды есту мақсатында бизнес өкілдерімен кездесті.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді.

Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен, заңды істерді қарау және шешу жолымен, құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған.

Оған полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері жатады.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған.

Олар қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады, патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды, жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды әкімшілік полициясы, оның міндеті – әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге, кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға, шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.

Заң полицияға құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге, әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға, заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға, бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға, қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.

Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде – әскери полиция жұмыс істейді.

Қаржы полициясының құқықтары салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау, салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру, салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану, салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау, алдын ала тергеу, анықтау жүргізу, өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар.

Мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның Президентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді. Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген.

Ол мыналарды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды, полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын, азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын, сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын, сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен.

Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.

Барлық құқық органдары заңдылық, адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету, барлығының заң алдындағы теңдігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті.

Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жақында өткен жиында Түркістан қаласының прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан қаласы бойынша департаментінің, Түркістан қаласы Кәсіпкерлер палатасының, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік» корпорациясының «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалықфилиалының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бизнесті қорғау мен оның дамуына қолайлы жағдай жасау және мемлеттік сатып алу мәселелері баяндалды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін нақты айтқан болатын. Осы орайда, құқық қорғау органдарымен бірлесе келе кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ бизнестің өткір және маңызды мәселелерін шешудегі проблемаларды есту мақсатында бизнес өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар, төрағалық етуші сөзінің соңында бизнесті қорғау біздің басты міндетіміз болып табылады деді. Осы ретте жиынға қатысушыларды белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырды.

Жиын соңында проблемалық мәселелер анықталып, кәсіпкерлерге қатысты заңдылықтың бұзылуына жол бермеу және одан әрі шешу алгоритмі әзірлену бойынша шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қаулының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. 23 жасырылған қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды.

Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Электронды форматта тергелген істер үлесі 2019ж.13% құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізілді.

Мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында прокурорлар соттарда қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адамға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өзгертілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында талдау және тексерулер жүргізу арқылы елеулі оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Соңғы 3,5 жылда қадағалау актілері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның (соның ішінде 5898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың) құқықтары қорғалды. 5981 заңсыз құқықтың актінің (оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған 11 нормативтік құқықтық актінің) күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. 451 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа (оның ішінде 7 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін) тартылған. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауда жүйелі тиімді жұмыс жүргізілуде. Қадағалау актілері негізінде өндірілген сома жылдан жылға ұлғаюда. Жалпы мемлекет пайдасына 262 226 698 теңге өндірілген (2019ж. – 39 972 895 тг., 2020ж. – 53 864 927 тг., 2021ж. – 144 386 563 тг., 2022ж. 5 айы – 24 002 313 тг.). Бұдан бөлек, 107 381 570 теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген (2019ж. – 75 750 тг., 2020ж. – 9 363 720 тг., 2021ж. – 44 972 297 тг., 2022ж, 5 айы – 52 969 803 тг.), мемлекетке жалпы құны 723 914 338теңге (2019ж. – 231 629 362 тг., 2020ж. – 267 439 784 тг., 2021ж. – 89 196 800 тг., 2022ж. 5 айы – 135 648 392 тг.)құрайтын мүлік қайтарылған.

Қала аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бері қала прокуратурасы бастамасымен Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жасақтау қолға алынған. Карта ай сайын жаңартылып, прокуратураның келісуімен қала әкімі бекітеді. Картаға мониторингпен анықталған өзекті проблемалар енгізіліп, барлық жауапты мемлекеттік органдар оларды түбегейлі шешуге, әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін жағдайлар мен себептерді жоюға бағытталады. Картаға бүгінгі күнге дейін барлығы 48 мәселе енгізіліп, оның 39 оң шешімін тапқан.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, себебі бизнестің дамуы, іскер адамдардың ұлғаюы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал етеді.

Прокуратураның бұл бағыттағы жұмыс кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады.

Соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын сақталуына қатысты 5 тексеру мен талдау жүргізіп, 20 арыз-шағым қараған. 7 заң бұзушылық анықтап, 8 қадағалау актісін енгізген.

Нәтижесінде 5 900 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Мысалы, қала әкімдігінің «Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы» 19.07.2019ж. №1103 қаулысына наразылық енгізіп, заңнамаға сәйкестендіру нәтижесінде ӘҚБтК-нің 204-бабымен негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылған 928 жеке тұлғаға және 199 кәсіпкерге қатысты полиция тарапынан әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларының күші жойылып, 1 183 481 теңге айыппұл сомалары қайтарылған.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС (тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы) 844 кәсіпкерлік субъектіден төлемді негізсіз жоғары тарифте алып келгені анықталып, артық төленген 8 274 945 теңге кәсіпкерлерге қайта есептеліп, қайтарылды.

Түркістан облысының полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен ӘҚБтК-нің талаптары сақталмай, мәжбүрлеп өндіру мерзімдері өтіп кеткен, алайда өндірісте қысқартылмай тұрған 4848 кәсіпкерлік субъектіге қатысты 103 184 804 теңгеге айыппұл түріндегі жаза қолдану нұсқамалардың күші жойылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.