Медиация – мәміле алаңы. Ізгілікті қоғам құру құралы. Түркістан қаласындағы медиация, яғни дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызметін анықтау, жетілдіру және тұлғаның құқығы қорғалуы – басты назарда. Маңызды мәселе Қазақстан халқы ассамблеясының Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің кезекті отырысында ортаға салынды. Өткен жылғы карантин барысында ұстаз бен оқушы, ұстаз бен ата-ана арасындағы жан-жалдың көп жағдайда екі жақты тараптар арасындағы шиелініс күрделі жүйеге айналды. Осы жылы мәселелерді шешуге модераторлық жасақтың жоспардан ауытқымай атқарылуы арнайы мамандарға тапсырылады.
Отырыста медиация кабинетінің 2021 жылы атқарған жұмыстары талқыланды. Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті. Бүгін қала орталығындағы «Басқармалар үйі» ғимаратында Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану, дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау.
Жиынды Түркістан қалалық сотының төрайымы, медиация кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Жаңбырбаева ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің 2021 жылы атқарған жұмыстары талқыланды. Басқосуға Түркістан қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков, Түркістан қалалық прокуратурасының басқарма аға прокуроры Марат Ахметов, Түркістан қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысының орынбасары Қалкен Темиров, Түркістан қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев, Азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясы Түркістан қаласы бойынша филиалының Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жазира Әбдібай, Түркістан мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Марат Оңласов, қалалық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов және өңірдегі кәсіби медиаторлар қатысты.
Жиында сөз алған Айгүл Жаңбырбаева өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек етті. «Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді. Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Түркістан қаласында Ассамблея жанынан медиация кабинеті ашылып, медиация кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Қала мен аудан аумағындағы кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлардың ықпалымен дау-дамайларға нүкте қойылып, тараптар өзара келісімге келуде», – деді Айгүл Махмұтқызы. Келелі жиында Түркістан қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт-медиаторы Дана Кенжеқұлова облыстық ҚХА жанындағы медиация кабинетінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ отырыста Медиация кеңесінің құрамындағы өзгерістер жайы талқыланды.
Жиында белгілі болғандай, бүгінде Түркістан Қазақстан халқы Ассамблеясының аудан, қалаларда 19 медиация кабинеті жұмыс істейді. Оларда 17 кәсіби, 39 кәсіби емес медиатор азаматтарға құқықтық көмектер, даулы мәселерді сотқа дейінгі шешу жұмыстарымен айналысады. Былтыр ҚХА мен Түркістан қалалық және аудандық соттармен бірлесе, облыс көлемінде медиация институтын дамытуға бағытталған 28 іс-шара (18 «дөңгелек үстел» отырысы, 10 семинар) өткізіліп, оған 1500-ге жуық адам қатысқан. Медиаторлардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижиесінде 1366 дау медиация рәсімі арқылы сотқа дейінгі және сот барысындағы тәртіппен, оң шешілді. Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты. Кеңес отырысында Түркістан қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков этномәдени бірлестіктердің жетекшілері аймақтарға шығып, түйткілді мәселелерді шешуге және медиация жұмысын жандандыруға өзіндік үлесін қосып, белсенділік танытуы керектігін айтты. Жиын соңында А.Жаңбырбаева өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын жеткізіп, облыс бойынша барлық медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатылғанын атап өтті.

Өңірдегі медиация институтын даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндаған Түркістан қаласының сотының судьясы орын алған қылмыс, заңбұзушылық факторларына тоқталып өтті.
«Тұрғындар арасында туған дау-дамайды шешуде жұрт ауыл ақсақалдарына немесе заңнан хабары бар тұлғаларға жүгінеді. Бұқараның құқық қорғау органдарына жүгінуден қашқақтайтындығыны да бар. Осы орайда халықтың саяси сауаттылығын арттыру керек», – деді Б. Тәңірбердиев.
Түркістанда 300-ге жуық медиатор бар. Олардың 90 пайызы кәсіби емес, бірақ беделі, өмірлік тәжірибесі мол абыройлы азаматтар. Қоғамдық медиаторлар ауыл-аймақтағы ас-жиындарда, басқосуларда отбасылық құндылықтар, қоршаған ортаға құрмет туралы жақсы әңгімелер айтып, дау туындаған жағдайда ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран арасына түсіп, басу айтып келеді. Осы арқылы олар мәселені үлкен дау-жанжалға жеткізбей, тараптарды татуластырып, төс қағыстырып ортақ мәмілеге келуіне сүбелі үлес қосуда.